The first Compaq laptop to run was Windows 7

Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(2) Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай
болып табылады.
(3)
RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
(4)
HDMI порты (тек таңдаулы үлгілерде) Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген сыйысымды сандық не аудио компоненті
сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын
қосады.
(5)
USB порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды.
(6)
Aудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын,
стереомикрофонды немесе моно микрофонды
қосады.
(7)
Aудио шығыс (құлақаспап) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге,
құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына
қосылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту
үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер
алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосылған кезде,
компьютер үндеткіштері ажыратылады
.
(8) Сандық медиа ұясы Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды:
MultiMediaCard
Secure Digital (SD) жад картасы
Сыйымдылығы жоғары қауіпсіз сандық (SDHC)
жад картасы
Сол жағы 9