Алғашқы жұмыс Compaq ноутбугі
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ....
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................................................... 23 Шарлау ............................................................................................................. 23 Таңдау .............................................................................................................. 24 Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану .................................................. 24 Жылжу ........................................................................
Индекс ...............................................................................................................................................................
viii
1 Қош келдіңіз ● Ақпаратты табу Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды немесе сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, Желі орнату 15-бетте тарауын қараңыз. ● HP QuickWeb орнату — Интернет, шағын қолданбалар мен байланыс бағдарламаларына негізгі амалдық жүйені бастамастан бірден кіру үшін қолданылады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Ресурстар Мазмұны Компьютерді орнату туралы нұсқаулар ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау Алғашқы жұмыс ● Компьютер сипаттары Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін ● Мына əрекеттер орындауға арналған нұсқаулар: Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Справка и поддержка HP (НР анықтамасы жəне қолдау) > Документация HP (НР құжаттамасы) тармағын таңдаңыз.
Ресурстар Мазмұны Қауіпсіз жəне қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығы ● Жұмыс станциясын дұрыс орнату Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін ● Қолайлылығыңызды арттыратын жəне жарақат алу қаупін азайтатын дұрыс отыру жəне жұмыс жасау үшін нұсқаулар ● Электр жəне механикалық қауіпсіздік ақпараты Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Справка и поддержка HP (НР анықтамасы жəне қолдау) > Документация HP (НР құжаттамасы) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/ergo веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу ● Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ● Оң жағы ● Сол жағы ● Дисплей ● Астыңғы жағы Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік (1) (2) 4 Сипаттама Сенсорлы тақта шамы Сенсорлық тақтаны қосу/өшіру түймешігі Бап 2 Компьютермен танысу ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. Сенсорлы тақтаны қосу жəне өшіру үшін, сенсорлы тақтаны қосу/ өшіру түймешігін екі рет тез түртіңіз.
Бөлік Сипаттама (3) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (5) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. Шамдар Бөлік (1) (2) (3) (4) Сипаттама Сенсорлы тақта шамы Caps lock шамы Қуат шамы Сымсыз байланыс шамы ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы.
Түймешіктер Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) Əрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) fn пернесі esc пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (4) Windows логотипті перне Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді. (5) QuickWeb пернесі ● Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда, HP QuickWeb құралын ашу үшін осы түймешікті басыңыз.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық дискіні оқиды жəне жазады. (2) Оптикалық диск жетегінің шамы ● Қосулы: Оптикалық диск жетегі қолданыста. ● Өшірулі: оптикалық диск жетегі əрекетсіз тұр. (3) USB порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. (4) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптері қосылады. (5) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея толық зарядталған. ● Сары: батарея зарядталуда.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (2) Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. (3) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
Бөлік 10 Сипаттама (9) Диск шамы Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. (10) Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. ЕСКЕРІМ: Кейбір компьютер үлгілерінде 4-ке дейін WLAN антеннасы болуы мүмкін. (2) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданыста. (3) Веб-камера Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстайды. (2) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны батарея ұясынан шығарады. (3) Желдеткіштер (5) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. 12 (4) Қатты диск ұясы Қатты дискіні ұстайды.
3 HP QuickWeb (тек таңдаулы үлгілерде) ● HP QuickWeb бағдарламасын бастау HP QuickWeb ортасы таңдаулы əрекеттеріңіздің басым бөлігін көңілді əрі қызықты етіп орындау мүмкіндігін береді. Компьютеріңіз QuickWeb құралы іске қосылғаннан кейін бірнеше секунд ішінде Интернетке, виджеттерге жəне байланыс бағдарламаларына жылдам кіруге дайын болады.
HP QuickWeb бағдарламасын бастау ▲ HP QuickWeb бастау үшін, өшірулі немесе күту күйіндегі компьютерде QuickWeb пернесін (немесе таңдаулы үлгілерде QuickWeb түймешігін) басыңыз. Төмендегі кестеде QuickWeb пернесінің (немесе таңдаулы үлгілерде QuickWeb түймешігінің) орындалатын əрекеттері көрсетіледі. Перне Əрекеті QuickWeb пернесі (немесе таңдаулы үлгілерде QuickWeb түймешігі) ● Компьютер өшірулі немесе күту күйінде болғанда, HP QuickWeb бағдарламалық құралын ашады.
4 Желі орнату ● Интернет провайдерін (ISP) пайдалану ● Сымсыз желіге қосылу ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз байланыс — интернетке мобильді қосылу үшін сымсыз байланысты пайдалануға болады. Бар WLAN желісіне қосылу 18-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 18-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Бар WLAN желісіне қосылу 1. Компьютерді қосыңыз. 2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. 3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін басыңыз. 4. Қажет желіні таңдаңыз. 5. Подключить (Қосылу) пəрменін таңдаңыз. 6. Егер қажет болса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар.
5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар ● Пернетақтаны пайдалану ● Меңзегіш құрылғыларды пайдалану Пернетақтаны пайдалану Əрекет пернелерін пайдалану Əрекет пернелері пернетақтаның үстіңгі жағындағы пернелерге тағайындалған арнайы əрекеттерді орындауға пайдаланылады. f1 мен f12 пернелеріндегі белгішелер əрекет перне функцияларын білдіреді. Əрекет пернесін пайдалану үшін, тағайындалған функцияны белсендіруге пернені басып ұстап тұрыңыз. ЕСКЕРІМ: Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады.
Белгіше Əрекет Сипаттама Экрандағы суретті ауыстыру Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату Меңзегіш құрылғыларының түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер опциялары сияқты параметрлерін реттеу үшін, Windows® жүйесіндегі тінтуір сипаттарын қолданыңыз.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта шамы тақта қосулы болғанда өшірулі. Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар іс-қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдың көрсетілімін көру: 1.
Жылжу Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады. Қысу/Ұлғайту Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет жəне беттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік береді. Айналдыру үшін, сол бас бармақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң бас бармақты тірелген саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, оң бас бармақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру мүмкіндігі зауытта ажыратылады. ЕСКЕРІМ: Айналдыру əрекеті сенсорлы тақта аумағында жасалуы тиіс.
6 Күтім ● Батареяны салу жəне шығарып алу ● Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ● Жад модулін қосу немесе ауыстыру Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу үшін: ▲ Батареяны (1) батареяның орнына (2) нық отырғанша салып, оны төменге қарай еңкейтіп кіргізіңіз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 28 1. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны бекіту сырғытпасын (1) сырғытыңыз. 2. Батареяны шығарып алу үшін она (2) еңкейтіп, батарея ұясынан (3) алыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу 1.
7. Қатты дисктің қақпағын (2) шешіңіз. 8. Қатты диск кабелін (1) компьютерден ажыратыңыз. 9. Қатты дискінің 4 бұрандасын (2) алыңыз. 10. Қатты дискті (3) қатты диск орнынан жоғары көтеріп шығарыңыз. Қатты дискіні орнату 30 1. Қатты дискіні (1) диск салатын жерге енгізіңіз. 2. Қатты дискінің 4 бұрандасын (2) орнына салыңыз.
3. Қатты диск кабелін (3) компьютерге жалғаңыз. Кабельді пластмасса кетіктерден өткізіңіз. 4. Қатты диск қақпағындағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралаңыз. 5. Қақпақты (2) жабыңыз. 6. Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды (3) бұрап қатайтыңыз. 7. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралаңыз. 8. Қақпақты (2) жабыңыз.
9. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы бұранданы (3) бұрап қатайтыңыз. 10. Батареяны орнына салыңыз. 11. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 12. Компьютерді қосыңыз. Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде жад модулінің екі ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), оны ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 34 а.
б. Ұстап тұратын қысқыштар бекітілгенше, жад модулінің сол жəне оң жақ шеттерін қысып, жад модулін (3) басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 8. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралаңыз. 9. Қақпақты (2) жабыңыз. 10. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы бұранданы (3) бұрап қатайтыңыз. 11. Батареяны орнына салыңыз.
12. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 13. Компьютерді қосыңыз.
7 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Компьютердің ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда қалпына келтіруге көмектесетін амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар.
Қалпына келтіру Қатты диск ақаулығы орын алған жағдайда, жүйені бастапқы зауыттық күйіндегі қалпына келтіру үшін, HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып жасауға болатын қалпына келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-жады керек болады. НР компаниясы бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау үшін, осы бағдарламалық құралды бірден пайдалануды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру дискілерін жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш дискісіне салмай тұрып нөмірлеңіз. ● Қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына келтіру флэш-дискісінің жасалуы барысында бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру ұсынылатын болады. Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1.
Арнайы қалпына келтіру бөлімі арқылы қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) Арнайы қалпына келтіру бөлімін пайдалану кезінде суреттердің, музыканың жəне басқа да аудио файлдардың, бейнелердің, фильмдердің, жазылған теледидар шоуларының, құжаттардың, электрондық кестелердің, көрмелердің, электрондық пошта хабарларының, Интернеттегі таңдаулы элементтердің жəне параметрлердің сақтық көшірмесін жасауға болады. Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне енгізіңіз, одан кейін компьютерде қайта бастаңыз. – немесе – Қалпына келтіру флэш-жадын компьютердің USB портына салып, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қайта іске қосыңыз. 2. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу үшін f9 пернесін басыңыз. 3. Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive (Ішкі ықшам/DVD диск жетегі) тармағын таңдаңыз. Қалпына келтіру флэш-жадының жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді орындаңыз: 1.
Нұсқаулар: ● Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін Windows® жүйесін қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану арқылы жасаңыз жəне оларды оптикалық дискіге немесе сыртқы қатты дискіге жүйелі түрде көшіріңіз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану туралы қосымша ақпаратты Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану 44-бетте бөлімінен қараңыз. ● Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасаңыз.
Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі қатты дискінің суретін белгілі бір сəтте сақтауға жəне атын беруге мүмкіндік береді. Егер енгізілген өзгертулердің күшін болдырмауды қаласаңыз, осы нүктеге дейін қалпына келтіре аласыз. ЕСКЕРІМ: Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы қалпына келтіру нүктесі соңғы рет жасалғаннан бері сақталған деректер файлдарына немесе жасалған электрондық пошта хабарламаларына əсер етпейді.
8 Тұтынушыларды қолдау ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы HP ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, HP тұтынушыларды қолдау орталығына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: http://www.hp.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмір жапсырмасы — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірінің жапсырмасы компьютердің астында орналасады.
9 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Пайдалануға болмайтын -20°C пен 60°C арасында -4°F пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Пайдалануға болмайтын 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Ең жоғар
Индекс А адаптер, айнымалы ток 8 Айнымалы ток адаптерінің шамы, анықтау 8 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 46 Өнім кілті 46 Анықтама жəне қолдау əрекет пернесі 20 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 9 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 9 Ə əрекет пернелері, анықтау 21 əрекеттер пернелері Анықтама жəне қолдау орталығы 20 анықтау 7 аудио ықшам диск, DVD немесе BD дискілерін басқару құралдары 21 дыбысты реттеу 21 сымсыз байланыс 21 үндеткіш дыбысын өшіру 21 экран жарықтығын а
М медиа басқару құралдары, пернелер 21 меңзегіш құрылғы, параметрлерді орнату 22 микрофон (аудио кіріс) ұясы, анықтау 9 Н нормативтік ақпарат нормативтік ақпараты бар жапсырма 46 сымсыз куəландыру белгілері 46 О оптикалық диск жетегі, анықтау 8 Ө өнім аты жəне нөмірі, компьютер 46 Өнім кілті 46 П пернелер esc 7 fn 7 Windows қолданбалары Windows логотипі 7 əрекет 7 порттар HDMI 9 USB 8, 9 сыртқы монитор 9 7 С сақтық көшірме жасау жеке файлдар 43 өзгертілмелі терезе, құралдар тақтасы жəне мəзір жолы парамет
QuickWeb пернесі 7, 21 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 9 U USB порттары, анықтау 8, 9 W Windows қолданбалар пернесі, анықтау 7 Windows логотипі бар перне, анықтау 7 WLAN қорғау 19 қосылу 18 WLAN антенналары, анықтау 11 WLAN жапсырмасы 46 WLAN жүйесін орнату 18 WLAN құрылғысы 46 Индекс 51