HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

б Электростатикалық ток соғу
Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының
босатылуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу.
Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы
электрондық бөліктерді зақымдайды. Компьютердiң немесе дискінің бұзылуын, мəлiметтiң
жоғалуын болдырмау үшiн мына сақтық шараларын орындаңыз:
Шығару немесе орнату нұсқаулары компьютердің ажыратылуын талап етсе, оны қатты
жерге қойып болған соң жəне қақпағын алып тастамас бұрын ажыратыңыз.
Бөліктерді орнатуға дайын болғанша электростатикалық қауіпсіз орамада ұстаңыз.
Істікшелерге, электр ұштарға жəне схемаларға тиіп кетуден сақ болыңыз. Электрондық
бөліктерді мүмкіндігінше аз ұстаңыз.
Магниттік емес құралдарды пайдаланыңыз.
Бөліктерді қолданбас бұрын
оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу арқылы
статикалық электр қуатын төмендетіңіз.
Бөліктерді шығарып алғаннан кейін оларды электростатикалық қауіпсіз орамаға салыңыз.
Статикалық электр тоғы туралы қосымша ақпарат немесе құрамдас бөлшекті жою немесе
орнату бойынша көмек қажет болса, HP тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
68 Қосымша б Электростатикалық ток соғу