HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
3. Алдында жазып алған қатты диск жолын пайдаланып, жаңарту файлдары бар қатты
дискідегі қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, filename.exe) екі рет басыңыз.
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Экранда сəтті орнату туралы хабар пайда болғаннан кейін жүктеп алынған файлды
қатты дискіден жоюға болады.
Жүйе диагностикасын пайдалану
System Diagnostics (Жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін
тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Компьютердің
түріне қарай, System Diagnostics ішінде төмендегі диагностикалық сынақтарды жүргізу мүмкін:
●
Бастапқы тексеру—Бұл тексеру компьютерді іске қосуға қажетті компьютердің негізгі
компоненттерін талдайды.
●
Қайталанатын тексеру—Бұл тексеру бастапқы тексеруді қайталап, бастапқы тексеру
таппайтын қайталана беретін ақауларды тексереді.
●
Қатты дискіні
тексеру—Бұл тексеру қатты дискінің физикалық жағдайын талдап, қатты
дискінің əр бөлігіндегі деректердің барлығын тексереді. Егер тексеру зақымдалған бөлікті
анықтаса, деректерді жақсы бөлікке ауыстыруға əрекет жасайды.
●
Жадты тексеру—Бұл тексеру жад модульдерінің физикалық жағдайын талдайды. Егер ол
қате туралы есеп берсе, жад модульдерін дереу ауыстырыңыз.
●
Батарея сынағы — бұл сынақ батареяның жағдайын
анықтайды. Батарея сынақтан өтпесе,
HP компаниясының тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына мəселені хабарлап, басқа
батарея сатып алыңыз.
Сондай-ақ, «Жүйе диагностикасы» терезесінен жүйе туралы ақпарат пен қателер журналдарын
көруге болады.
Жүйе диагностикасын іске қосу үшін:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілгенде, f2
пернесін басыңыз.
2. Жүргізілетін диагностикалық тексеру белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Іске қосылған кезде диагностикалық тексеруді тоқтату керек болса, esc пернесін
басыңыз.
64 Бап 9 Орнату утилитасы (BIOS) жəне жүйе диагностикасы