HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM деректері жəне BIOS жүйесі деп те аталады) fn+esc
пернелер тіркесімін басып (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Setup Utility (BIOS)
утилитасын пайдаланып көрсетуге болады.
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз.
2. Көрсеткі пернелердің көмегімен Главный (Басты) тармағын таңдаңыз.
3. Setup Utility (BIOS) утилитасынан параметрлерді өзгертпестен шығу үшін, көрсеткі
пернелерінің көмегімен Выход (Шығу) > Exit Discarding Changes (Өзгерістерді
қабылдамай шығу) тармағын таңдап, enter пернесін
басыңыз.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда
немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе
орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз:
Қорек сымын айнымалы
ток розеткасынан шығарып, қоректі компьютерден ажыратпаңыз.
Компьютерді өшірмеңіз немесе күту режимін қоспаңыз.
Ешбір құрылғы, кабель немесе сымды кірістірмеңіз, шығармаңыз, жалғамаңыз немесе
ажыратпаңыз.
1. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Maintain (Қалдыру)
тармағын таңдаңыз.
2. Компьютерде орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына
қол жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Жүктеп алу аймағында келесі қадамдарды орындаңыз:
а. BIOS жаңартуы компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі нұсқа екендігін
анықтаңыз. Күні, аты немесе басқа таңба ескертуін жасаңыз
. Осы мəлімет жаңарту
қатты дискіге жүктеп алынғаннан кейін орнын белгілеу үшін керек болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңарту файлдары жүктеп алынатын қатты диск орнының жолын белгілеп
қойыңыз. Жаңарту бумасын орнатуға əзір болған кезде сол жолға кіруге керек
болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының
жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен
ақылдасыңыз.
BIOS жүйесін орнату қадамдары əр түрлі болады. Жүктеп алу аяқталғаннан кейін экранда
көрсетіліп тұратын барлық нұсқауларды орындаңыз. Ешқандай нұсқаулар көрсетілмесе, осы
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдап Windows Explorer бағдарламасын
ашыңыз.
2. Қатты диск орнын тінтуірмен екі рет басыңыз. Əдетте қатты диск атауы Local Disk (C:)
болады.
Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану 63