HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Setup Utility (BIOS) ішіндегі бүкіл параметрлерді əдепкі мəндеріне қайтару үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі пернелер арқылы Выход (Шығу) > Load Setup Defaults (Əдепкі параметрлерді
жүктеу) тармағын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгерісті сақтап шығу үшін, f10 пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Выход (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгерістерді сақтап
шығу) тармағын таңдаңыз да, enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
ЕСКЕРІМ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз жəне қауіпсіздік параметрлері
өзгермейді.
Setup Utility (BIOS) утилитасынан шығу
Setup Utility (BIOS) утилитасынан шығу жəне ағымдағы сессияның өзгерістерін сақтау:
Setup Utility (BIOS) мəзірлері көрінбейтін болса, мəзір көрінісіне қайту үшін, esc пернесін
басыңыз. Одан кейін, көрсеткі пернелердің көмегімен Выход (Шығу) > Exit Saving
Changes (Өзгерістерді сақтап шығу) тармағын таңдаңыз да, enter пернесін басыңыз.
Setup Utility (BIOS) утилитасынан ағымдағы сессияның өзгерістерін сақтамай шығу:
Setup Utility (BIOS) мəзірлері көрінбейтін болса, мəзір көрінісіне қайту үшін
, esc пернесін
басыңыз. Одан кейін, көрсеткі пернелердің көмегімен Выход (Шығу) > Exit Discarding
Changes (Өзгерістерді қабылдамай шығу) тармағын таңдаңыз да, enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесін жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaqs деп аталатын
қысылған файлдарына буылған.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат
беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау
Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі
нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек.
62 Бап 9 Орнату утилитасы (BIOS) жəне жүйе диагностикасы