HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Setup Utility (BIOS) утилитасында жылжу жəне таңдау
Setup Utility (BIOS) утилитасында жылжу жəне таңдау үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Мəзір немесе мəзір элементін таңдау үшін, tab жəне пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланып, enter пернесін басыңыз
.
Жоғары жəне төмен жылжу үшін, жоғары көрсеткі пернесін немесе төмен көрсеткі
пернесін басыңыз.
Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу жəне басты Setup Utility (BIOS) экранына оралу
үшін, esc пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Setup Utility (BIOS) мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін таңдаңыз:
Setup Utility (BIOS) мəзірлерінен өзгерістерді сақтамастан шығу үшін, esc пернесін басыңыз
да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Выход (Шығу) > Exit Discarding Changes (Өзгерістерді
қабылдамай шығу) тармағын таңдаңыз да, enter пернесін басыңыз.
немесе
Өзгерісті сақтап Setup Utility (BIOS) мəзірлерінен шығу үшін, f10 пернесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Выход (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгерістерді сақтап
шығу) тармағын таңдаңыз да, enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді
қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Жүйе ақпаратын көрсету
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз.
2. Main (Негізгі) мəзірін таңдаңыз. Жүйе уақыты мен күні сияқты жүйелік ақпарат жəне
компьютер туралы анықтау ақпараты көрсетіледі.
3. Setup Utility (BIOS) утилитасынан параметрлерді өзгертпестен шығу үшін, көрсеткі
пернелері арқылы Выход (Шығу) > Exit Discarding Changes (Өзгерістерді қабылдамай
шығу) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз.
Setup Utility (BIOS) утилитасында əдепкі параметрлерді қалпына
келтіру
ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану 61