HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

9 Орнату утилитасы (BIOS) жəне жүйе
диагностикасы
Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану
Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРІМ: Setup Utility (BIOS) ішінде өзгеріс енгізгенде аса мұқият болыңыз. Қателер
компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Setup Utility (BIOS) утилитасын қосу
Setup Utility (BIOS) утилитасын қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Setup Utility (BIOS) утилитасының тілін өзгерту
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз.
2. Конфигурация системы (Жүйенің реттелген параметрлері) > Язык (Тіл) тармақтарын
таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
3. Тілді таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Таңдалған тілді растау туралы хабар көрсетілген кезде enter пернесін басыңыз.
5. Өзгерісті сақтау жəне Setup Utility (BIOS) утилитасынан шығу үшін,
көрсеткі пернелері
арқылы Выход (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгерістерді сақтап, шығу) тармағын
таңдап, enter пернесін басыңыз.
Өзгеріс дереу өз күшіне енеді.
60 Бап 9 Орнату утилитасы (BIOS) жəне жүйе диагностикасы