HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

SoftPaq Download Manager құралын пайдалану
HP SoftPaq Download Manager (SDM) — HP бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын
SoftPaq нөмірін сұрамастан жылдам көруге мүмкіндік беретін құрал. Осы құралды пайдаланып
SoftPaq құрал файлдарын оңай іздеуге жəне оларды жүктеп алып, ашуға болады.
SoftPaq Download Manager құралы құрамында компьютер моделі жəне SoftPaq ақпараты бар
жарияланған дерекқор файлын HP FTP сайтынан оқу жəне жүктеу арқылы жұмыс істейді.
SoftPaq Download Manager құралы жүктеуге болатын SoftPaq құралдарын анықтау үшін бір не
одан
көп компьютер модельдерін көрсетуге мүмкіндік береді.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP сайтынан дерекқор мен бағдарламалық құрал
жаңартуларын тексереді. Егер жаңартулар табылса, олар автоматты түрде жүктеліп
қолданылады.
SoftPaq Download Manager құралын HP веб-сайтынан алуға болады. SoftPaq құралдарын
жүктеуге SoftPaq Download Manager бағдарламасын пайдалану үшін, алдымен бағдарламаны
жүктеп орнату керек. HP веб-сайтына -
http://www.hp.com/go/sdm өтіп, SoftPaq Download
Manager бағдарламасын жүктеу жəне орнату нұсқауларын орындаңыз.
SoftPaq құралдарын жүктеп алу үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP Software Setup (HP
бағдарламалық құралын реттеу) > HP SoftPaq Download Manager (HP SoftPaq жүктеу
реттеушісі) опциясын таңдаңыз.
2. SoftPaq Download Manager бағдарламасы бірінші рет ашылғанда, терезе пайда болып,
пайдаланып отырған компьютеріңізге арналған бағдарламалық құралды ғана көрсеткіңіз
немесе барлық қолданылатын модельдерге
арналған бағдарламалық жасақтаманы
көрсеткіңіз келетін-келмейтінін сұрайды. Show software for all supported models (Барлық
қолданылатын модельдерге арналған бағдарламалық құралды көрсету) опциясын
таңдаңыз. Егер сіз HP SoftPaq Download Manager бағдарламасын бұрын пайдаланған
болсаңыз, 3-қадамға өтіңіз.
а. «Конфигурациялық параметрлер» терезесінен операциялық жүйе мен тіл сүзгілерін
таңдаңыз. Сүзгілер «Өнімдер каталогы» тақтасында берілген опциялар санын
шектейді. Мысалы, операциялық жүйе сүзгісінен тек Windows 7 Professional таңдалса,
Windows 7 Professional нұсқасы өнімдер каталогынан көрсетілетін
операциялық жүйе
ғана болып табылады.
ə. Басқа операциялық жүйелерді қосу үшін «Конфигурациялық параметрлер»
терезесінен сүзгі параметрлерін өзгертіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін HP SoftPaq
Download Manager бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
3. Модельдер тізімін кеңейту үшін сол жақтағы тақтадағы қосу таңбасын (+) басыңыз, сосын
жаңартқыңыз келетін модельді немесе өнімдердің модельдерін таңдаңыз.
4. Таңдалған компьютерге қол жетімді SoftPaq құралдарының тізімін жүктеу
үшін Find
Available SoftPaqs (Қол жетімді SoftPaq құралдарын табу) түймесін басыңыз.
5. Қол жетімді SoftPaq құралдарынан тізімін таңдаңыз, сосын SoftPaq құралын таңдау жəне
интернетке қосылу жылдамдығы жүктеу процесінің қанша уақыт алатынын
58 Бап 8 Күтім