HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
8 Күтім
Компьютерді тазалау
Дисплейді тазалау
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге суды, тазалауға арналған
сұйықтықтарды немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.
Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы, талшықтарды қалдырмайтын
матамен жүйелі түрде тазалаңыз. Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала
суланған антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған антистатикалық
тазалағышты пайдаланыңыз.
Компьютердің бүйірлері мен бетін тазалау
Компьютердің бүйірлері мен бетін тазалау жəне дезинфекциялау үшін жұмсақ микроталшықты
немесе майланбаған (мысалы күдері сияқты), құрамында спирті жоқ əйнек тазалау құралына
малынған немесе жарамды бактерицидтік бір рет пайдаланылатын шүберекті пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, айналдырып сүртіп ластануды жəне
қоқымдарды кетіріңіз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
Сенсорлы тақтаның кір жəне май көрсеткінің экранда жылжуына əкеліп соғуы мүмкін. Бұған жол
бермеу үшін сенсорлы тақтаны дымқыл шүберекпен сүртіңіз жəне компьютерді пайдаланғанда
қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым
келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта
бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмау үшін пернетақтаны жəне шаң мен пернелердің
астында қалатын басқа да заттарды əрқашан тазалап отырыңыз. Пернелердің жаны мен
астында орналасқан шаңды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
Компьютерді тазалау 57