HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы осы бөлімдегі суретте көрсетілгеннен
сəл өзгеше болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы қайда орналасқанын білу
үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны
кілтпен жабыңыз.
4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Кірістірілген саусақа ізін оқу құрылғысы тек таңдаулы үлгілерде бар Саусақ ізін оқу құрылғысын
пайдалану үшін компьютерде құпия сөзі бар пайдаланушы жазбасын орнату керек. Бұл жазба
компьютеріңізге белгіленген саусағыңыздың түрткісі арқылы кіруге рұқсат береді. Саусақ ізін
оқу құрылғысын веб-тораптардың құпия сөзі бөлімін толтыру үшін немесе кіруді қажет ететін
басқа да бағдарламалар үшін қолдануға
болады. Нұсқауларды саусақ ізін оқу бағдарламалық
құралын қолдау білімінен қараңыз.
Саусақ ізін оқу сəйкестілігін жасап болған соң, пайдаланушы аты мен құпия сөзін қажет ететін
кез келген бағдарламаға өкілеттілік жасау үшін саусақ ізі сканерін пайдалаунға мүмкіндік
беретін Бірыңғай кіру қызметін орнатуға болады.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір
сенсор:
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде)55