HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқан тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар
DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан
бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ: Белгілі бір шарттар аясында желіаралық қалқан бағдарламасы Интернет
ойындарына кіруге мүмкіндік бермейді, желіде принтер немесе файл бөлісуіне араласады,
немесе тіркелген электрондық хат қосымшаларын ашпайды. Мəселені шешу үшін, желіаралық
қалқан бағдарламасын уақытша өшіріп, қажет шаралар қолданған соң, оны қайта қосыңыз.
Мəселені шешу үшін, желіаралық бағдарламасының параметрлерін уақытша өзгертіңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft маңызды жаңартулары жөнінде дабылдар жасайды. Компьютерді
қорғаныс жүйесінің бұзылуы мен вирустардан сақтау үшін Microsoft дабылын байқағаннан кейін
барлық маңызды жаңартуларды бірден орнатыңыз.
Компьютер зауыттан жіберілген сəттен бастап амалдық жүйе жаңартуларын жəне басқа да
бағдарламаларды табуға жəне пайдалануға болады. Барлық алуға болатын жаңартулардың
компьютерге орнатылғанына көз жеткізу үшін мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютеріңізді реттеп болған соң Windows Update жаңарту қызметін қосыңыз.
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Центр обновления Windows
(Windows жаңарту қызметі) ішіндегі жаңарту сілтемесін пайдаланыңыз
.
Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
Windows жəне басқа да Microsoft® бағдарламаларының жаңартуларын Microsoft
компаниясының веб-сайтынан жəне Анықтама мен қолдау бөліміндегі жаңартулар
сілтемесі арқылы алуыңызға болады.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол
компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін.
54 Бап 7 Қауіпсіздік