HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Қосылғанда сұралатын құпия сөзді басқару
Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын компьютерді қосу немесе өшіріп, қайта қосу арқылы
ашыңыз. Экранның төменгі сол жақ бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu»
(Қосылу мəзірін ашу үшін, ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc
пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f10 пернесін басыңыз.
2. Көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік
) > Power-On Password (Қосылғанда
сұралатын құпия сөз) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді орнату үшін Enter New Password (Жаңа құпия
сөзді енгізіңіз) жəне Подтверждение пароля (Жаңа құпия сөзді растаңыз) жолдарына
құпия сөзді енгізіңіз де, enter пернесін басыңыз.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді өзгерту үшін Enter Current Password (Ағымдағы
құпия сөзді енгізіңіз) жолына
қазіргі құпия сөзі, ал Enter New Password (Жаңа құпия
сөзді енгізіңіз) жəне Confirm New Password (Жаңа құпия сөзді растаңыз) жолдарына
жаңа құпия сөзді енгізіңіз де, enter пернесін басыңыз.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді жою үшін Enter Password (Құпия сөзді енгізіңіз)
жолына құпия сөзді енгізіңіз де, enter пернесін 4 рет басыңыз.
3. Өзгерістерді сақтау жəне Setup Utility (BIOS) утилитасынан шығу үшін, көрсеткі
пернелердің
көмегімен Выход (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгерістерді сақтап, шығу)
пəрмендерін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді енгізу
Enter Password (Құпия сөзді енгізіңіз) деп сұралғанда, құпия сөзді теріңіз, содан кейін enter
пернесін басыңыз Құпия сөз 3 рет сəтсіз енгізілген соң, компьютерді қайта қосып, əрекетті
қайталаңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
Компьютерді электрондық пошта, желі немесе Интернет бетін ашу үшін пайдаланғанда оған
вирустар ену қаупі төнеді. Компьютерлік вирустер амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
қызметтік бағдарламаларды бұзады, не болмаса олардың нашар жұмыс істеуіне əкеліп
соқтырады.
Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, жəне көбінесе олардың
келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымда қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыру керек.
Вирусқа қарсы бағдарлама компьютеріңізде алдын-ала орнатылған болуы жəне алдын-ала
ұсыныс жасауы мүмкін. Компьютеріңізді толығымен қорғау үшін, ұсыныс жасалған кезде
жаңарту жасау немесе өзіңіз қалаған вирусқа қарсы бағдарлама сатып алу ұсынылады.
Компьютерлік вирустар туралы қосымша ақпарат алу үшін Анықтама жəне қолдау бөліміндегі
Search (Іздеу) жолағына вирустар деп жазыңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану 53