HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Setup Utility (BIOS) ішінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі*
●
Setup Utility (BIOS) қолданысын қорғайды.
● Осы құпия сөз орнатылғаннан кейін, Setup Utility
(BIOS) ішіне кірген сайын оны енгізу қажет.
ЕСКЕРТУ: Əкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда,
Setup Utility (BIOS) кіру мүмкін болмайды.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзін қосылғанда сұралатын
құпия сөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзі Windows амалдық
жүйесіндегі əкімші құпия сөзімен өзара
алмастырылмайды
жəне қойылып, енгізіліп, өзгертіліп
немесе жойылғаннан кейін көрсетілмейді.
ЕСКЕРІМ: Қосылғанда сұралатын құпия сөз алғаш
тексеру кезінде «Press the ESC key for Startup Menu»
(Қосылу мəзірін ашу үшін, ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетілгенше енгізілсе, Setup Utility (BIOS)
бағдарламасына кіру үшін əкімші құпия сөзін енгізу керек
болады.
Қосылғанда сұралатын құпия сөз* ● Компьютер мазмұнының пайдаланылуын қорғайды.
● Бұл құпия сөз орнатылған соң, компьютерді əрбір
қосқан немесе
қайта қосқан сайын, немесе
«Гибернация» (Əрекетсіздік) күйінен шыққан сайын
оны енгізіп отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып
қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу, не
болмаса «Гибернация» (Əрекетсіздік) күйінен шығу
мүмкін болмайды.
ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзін қосылғанда сұралатын
құпия сөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРІМ: Қосылғанда сұралатын құпия сөз
орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе жойылғаннан
кейін көрсетілмейді.
*Осы құпия сөздер туралы толық ақпарат алу үшін келесі тақырыптарды қараңыз.
Құпия сөздерді пайдалану 51