HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпарат
қолданысын басқарудың жолына қарай, құпия сөздердің бірнеше түрін орнатуға болады. Құпия
сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесіне
кірмейтін Setup Utility (BIOS) утилитасында орнатылады.
ЕСКЕРІМ: Құлыптанған компьютерге кіре алмай қалу қаупін азайту үшін, əрбір құпия сөзді
жазып, қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
Setup Utility (BIOS) мүмкіндігінде де, Windows қауіпсіздік мүмкіндігінде де бір құпия сөзді
пайдалануға болады. Бір құпия сөзді бірнеше Setup Utility (BIOS) мүмкіндіктерінде де
пайдалануға болады.
Экран сақтағышы құпия сөзі сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпарат алу үшін
Пуск (Бастау) > Центр справки и поддержки (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі Компьютер мазмұнын əкімші деңгейінде пайдалану
рұқсатын қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Осы құпия сөз арқылы Setup Utility (BIOS)
мазмұнына кіру мүмкін емес.
Пайдаланушы құпия сөзі Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк
жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. Ол
сонымен қатар компьютер мазмұнын рұқсатсыз
пайдаланудан қорғайды жəне «Состояние сна» (Күту)
немесе «Гибернация» (Əрекетсіздік) күйінен шыққанда
енгізілу керек.
QuickLock (тек таңдаулы үлгілерде)
Амалдық жүйеге кіру терезесін көрсету арқылы
ақпаратты қорғайды. Кіру терезесі көрсетілген кезде
Windows пайдаланушысының немесе əкімшісінің құпия
сөзі енгізілмегенше компьютерге кіру мүмкін емес.
Пайдаланушы немесе əкімшінің құпия сөзін енгізген соң,
мына қадамдарды орындаңыз:
1. QuickLock бағдарламалық құралын қосыңыз.
2. QuickLock бағдарламалық құралынан Windows
пайдалауны немесе əкімші құпия сөзін орнату
арқылы шығыңыз.
50 Бап 7 Қауіпсіздік