HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану
Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай
ашуға да, бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық
жинақтағыш дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілерібір
компьютерге жалғанған жинақтағыш дискіне сол желідегі басқа компьютерден қол жеткізуге
мүмкіндік беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі.
ЕСКЕРІМ: Оптикалық дискіні ортақ пайдалану үшін орнатылған желіңіз болуы керек. Желіні
орнату туралы қосымша ақпаратты
Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) 2-бетте бөлімінен
қараңыз.
ЕСКЕРІМ: DVD фильмдері жəне ойындар дискілері сияқты кейбір дискілердің көшірмесі
жасалмайтын етіп қорғалған болуы мүмкін, сондықтан DVD немесе ықшам дискілері ортақ
пайдаланылмайды.
Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану үшін:
1. Оптикалық диск жетегі ортақ қолданыста болған компьютерден Пуск (Бастау) >
Компьютер тармағын таңдаңыз.
2. Ортақ пайдалану қажет оптикалық жинақтағыш дискіні тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Свойства (Сипаттар) параметрін таңдаңыз.
3. Sharing (Бөлісу) қосымша бетін > Advanced Sharing (Күрделі бөлісу) тармағын таңдаңыз.
4. Общий доступ к папке (Қалтаны ортақ
пайдалану) жанына құсбелгі қойыңыз.
5. «Имя общего ресурса» (Ортақ ресурстың аты) мəтін ұясына оптикалық диск жетегінің атын
енгізіңіз.
6. Қолдану түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
7. Ортақ пайдаланылатын оптикалық дискіні көру үшін:
Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне
Интернет) > Центр управления сетями и
общим доступом (Желі жəне ортақ
пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
RAID құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
RAID (тəуелсіз қатты дискілердің артық массиві) технологиясы компьютерде бір уақытта екі
немесе одан да көп қатты дискілерді пайдалану мүмкіндігін береді. RAID аппараттық немесе
бағдарламалық құрал параметрлері арқылы бірнеше дискілерді байланысқан бір диск ретінде
қабылдайды. Егер бірнеше диск осы нұсқада бірге жұмыс істеуге орнатылса олар RAID
жиынтығы болып қарастырылады.
RAID туралы қосымша ақпаратты
http://www.hp.com/support HP веб-торабынан қараңыз.
48 Бап 6 Дискілер