HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Оптикалық дискілерді енгізу
Диск науасы
1. Компьютерді қосыңыз.
2. Диск наусын шығару үшін (1) жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басыңыз.
3. Науаны тартып шығарыңыз (2).
4. Дискінің бетіне қолыңызды тигізіп алмай, жиектерінен ұстаңыз да, дискінің жапсырма бетін
жоғары қаратып науа білігіне орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні білікке орналастыру үшін оны
абайлап еңкейтіңіз.
5. Дискіні орнына қонғанша науаға қарай абайлап басыңыз (3).
6. Диск науасын жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Дискіні енгізгеніңізден кейінгі аздаған кідіріс қалыпты болып табылады. Егер сіз
медиа ойнатқышын таңдамасаңыз, AutoPlay тілқатысу терезесі ашылады. Ол сізге медиа
мазмұнын қалай пайдаланатыныңызды таңдауды ұсынады.
Диск саңылауы
ЕСКЕРТУ: 8 см оптикалық дискіні саңылауға салмаңыз. Бұл оптикалық жетекті зақымдауы
мүмкін.
1. Компьютерді қосыңыз.
2. Дискінің бетіне қолыңызды тигізіп алмай, жиектерінен ұстаңыз да, дискінің жапсырма бетін
жоғары қаратып орналастырыңыз.
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)45