HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Қуатты қауіпсіз орнатылған қатты диск көмегімен басқару
HP 3D DriveGuard дискіні өшірген болса, мына жағдайлар орын алады:
●
Компьютер өшпейді.
●
Төмендегі ескертуде сипатталған жағдайлардан басқа уақытта компьютер күту режиміне
немесе əрекетсіздік режиміне ауыспайды.
ЕСКЕРІМ: Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрып, заряд ең төмен деңгейге
жетсе, HP 3D DriveGuard компьютерге күту режиміне ауысуға мүмкіндік береді.
Компьютерді жылжытпас бұрын HP компаниясы оны алдымен өшіруді немесе күту режиміне не
əрекетсіздік режиміне ауыстыруды ұсынады.
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын пайдалану
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын əкімші қоса немесе өшіре алады.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушылық құзырыңызға байланысты, HP 3D DriveGuard мүмкіндігін қосу
немесе өшіру рұқсатыңыз болмауы мүмкін. Əкімші болып табылмайтын пайдаланушылардың
құзырын əкімшілік топтың мүшелері өзгерте алады.
Бағдарламалық құралды ашып параметрлерін өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. HP 3D DriveGuard терезесін ашу үшін, мобильдік орталығындағы қатты диск белгішесін
басыңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > HP 3D DriveGuard тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясымен сұрақ қойылса, Иə түймешігін
басыңыз.
2. Параметрлерді өзгерту үшін сəйкес түймешікті басыңыз.
3. OK түймешігін басыңыз.
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Оптикалық дискілердің мынадай түрлері бар:
●
ықшам диск
●
DVD
●
Blu-ray (BD)
Орнатылған оптикалық дискіні (тек таңдаулы үлгілерде) анықтау
▲
Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз.
Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі.
44 Бап 6 Дискілер