HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Қатты дискілерді пайдалану
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьтерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні
дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп
қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді.
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету
қажет емес
Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей
береді. Қатты дискінің көлеміне жəне бөлініп қалған файлдар саына байланысты дискіні
дефрагментациялауға бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны түнде немесе компьютерді
қолдану керек емес басқа уақытта жасауға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын
айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолман жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін:
1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Стандартные (Стандартты
құралдар) > Служебные (Қызметтік бағдарламалар) > Дефрагментация диска (Дискіні
дефрагментациялау құралы) параметрін таңдаңыз.
3. Defragment disk (Диск дефрагментациясы) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін қолданылатын
пайдаланушы есептік жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату,
утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды
орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша мəлімет алу үшін
«Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні
тазалау құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Стандартные (Стандартты
құралдар) > Служебные (Қызметтік бағдарламалар) > Очистка диска (Дискіні тазарту)
параметрін таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз
.
42 Бап 6 Дискілер