HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

6 Дискілер
Дискілерді ұстау
Дискілер компьютердің сынғыш бөліктері болып табылады, оларды байқап ұстау керек.
Дискілерді ұстамас бұрын мына ескертулерді қарап шығыңыз. Қосымша ескертулер олар
қолданатын шараларға енгізілген.
Мына ескертулерді қарап шығыңыз:
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып,
экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
Дискіні қолданбас бұрын
оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу арқылы
статикалық электр қуатын төмендетіңіз.
Алынбалы дискідегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерге қолыңызды тигізбеңіз.
Дискіні абайлап ұстаңыз, оны құлатуға немесе оның үстіне заттар қоюға болмайды.
Дискіні алмастан немесе салмастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Егер компьютердің
өшірулі екендігіне сенімсіз болсаңыз, күту режимінде немесе ұйықтау режимінде
компьютерді қосыңыз
, одан кейін амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
Дискіні арнайы саңылауға салғанда шамадан тыс күшпен итермеңіз.
Оптикалық жинақтағыш диск жетегі дискіге жазып жатқанда компьютердің пернетақтасын
басуға немесе компьютерді жылжытуға болмайды. Жазу үрдісі тербелістерге сезімтал
болады.
Батарея жалғыз қуат көзі болса, ақпарат құралдарына жазбастан бұрын, зарядының
жеткілікті екенін тексеріңіз.
Дискінің өте жоғары немесе
өте төмен температура мен ылғалдылықта қолданыламауын
қадағалаңыз
Дискіге сұйықтықтар тимеуін қадағалаңыз. Дискіге тазалау құралдарын сеппеңіз.
Дискіні диск салынатын жерден шығарып алмастан бұрын немесе бірге алып жүрер,
поштамен бір жаққа жіберер немесе сақтап қояр алдында оның ішіндегі медиа құралын
алып тастаңыз.
Егер дискіні поштамен жіберу керек болса, онда оны қабыршықты мөлдір
қалтаға немесе
басқа да сынудан қорғайтын қалтаға салып, сыртына «СЫНҒЫШ» деген белгі
жабыстырыңыз.
Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар қауіпсіздік
құрылғылары əуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады. Қол жүгін
40 Бап 6 Дискілер