HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Кейбір eSATA құрылғылары əдетте құрылғымен бірге жабдықталған қосымша қолдау
бағдарламалық құралын талап етуі мүмкін. Нақты бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпарат алу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ eSATA порты қосымша eSATA құрылғысын қолдайды.
eSATA құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: eSATA порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз.
▲ eSATA құрылғысын компьютерге жалғау үшін eSATA кабелін компьютердегі eSATA
портына жалғаңыз.
Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі.
eSATA құрылғысын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: eSATA қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін eSATA құрылғысын шығарып алған
кезде оны сымынан тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
құрылғыны қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. eSATA құрылғысын шығарып алу үшін, ақпаратты жауып, құрылғымен байланысты барлық
бағдарламаларды жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
құралды шығарып алу белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Құрылғыны шығарып алыңыз.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Қажет бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қай портын қолдануды білу үшін өндіруші' нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін:
38 Бап 5 Сыртқы карталар мен құрылғылар