HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Кейбір 1394 құрылғылары əдетте құрылғымен бірге жабдықталған қосымша қолдау
бағдарламалық құралын талап етуі мүмкін. Нақты бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпарат алу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
Сондай-ақ 1394 порты IEEE 1394a құрылғыларын қолдайды.
1394 құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: 1394 порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз.
▲ 1394 құрылғысын компьютерге жалғау үшін 1394 кабелін компьютердегі 1394 портына
жалғаңыз.
Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі.
1394 құрылғысын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында м
құрылғысын шығарып алмас бұрын оны өшіріңіз.
ЕСКЕРТУ: 1394 қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін 1394 құрылғысын шығарып алған
кезде оны сымынан тартпаңыз.
1. 1394 құрылғысын шығарып алу үшін, ақпаратты жауып, құрылғымен байланысты барлық
бағдарламаларды жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
құралды шығарып алу белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Құрылғыны шығарып алыңыз.
eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
eSATA порты eSATA сыртқы қатты дискі секілді қосымша өнімділігі жоғары eSATA құрамдасын
қосады.
eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)37