HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз.
▲
Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы
мүмкін.
Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі.
ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер
құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
USB құрылғысын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін USB құрылғысын шығарып алған
кезде оны сымынан тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында
USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. USB құрылғысын шығарып алу үшін, ақпаратты жауып, құрылғымен байланысты барлық
бағдарламаларды жабыңыз.
2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
құралды шығарып алу белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Құрылғыны шығарып алыңыз.
1394 құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
IEEE 1394 жоғары жылдамдықты мультимедия файлдарын немесе деректерді сақтау
құрылғысын қосатын аппараттық құрал интерфейсі. Сканерлер, сандық камералар, сандық
камкордерлер 1394 қосылымын жиі сұрайды.
36 Бап 5 Сыртқы карталар мен құрылғылар