HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Смар-картаны салу
1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу
құрылғысына орныққанша сырғытыңыз.
2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұқсауларды
орындаңыз.
Смар-картаны шығарып алу
Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Əмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш,
сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал
интерфейсі.
Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен бірге жабдықталған қосымша қолдау
бағдарламалық құралын талап етуі мүмкін. Нақты бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпарат алу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Бұл нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге
дискіде немесе өндірушінің
веб-торабында берілуі мүмкін.
Компьютерде кем дегенде USB 1.0, USB 1.1, USB 2.0 немесе USB 3.0 құрылғыларын
қолданатын 1 USB порты бар. Сондай-ақ компьютеріңізде механикаландырылған USB
кабелімен қолданылатын болса, сыртқы құрылғыға қуат беретін механикаландырылған USB
порты болуы мүмкін. Қосымша жалғау құрылғысы немесе USB хабы компьютермен
пайдалануға болатын қосымша USB порттарын қамтамасыз етеді.
USB құрылғысын пайдалану 35