HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
5 Сыртқы карталар мен құрылғылар
Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану
мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта
компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңізде қолданылатын сандық карта пішімдерін анықтау үшін Жұмысқа кіріскенде
нұсқаулығын қараңыз.
Сандық картаны салу
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін оны салған кезде, қатты
күшпен итермеңіз.
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал қосқышын компьютерге қаратыңыз.
2. Сандық медиа ұясына картаны салып, оны нық орналасқанша басыңыз.
Құрылғы анықталғанда дыбыс естіледі жəне параметрлер мəзірі көрінуі мүмкін.
Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)31