HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
HP CoolSense бағдарламасын (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану
Компьютерді қозғалыс үстінде немесе үйдің айналасында пайдаланғанда, HP CoolSense
функциясы жұмыс жəне ішкі желдеткіш параметрлерін автоматты түрде реттеп, ыңғайлы
ортамен қамтамасыз етеді.
HP CoolSense функциясы қосылып тұрғанда, компьютердің тұрақты бір орында тұрмағанын
автоматты түрде анықтап, бет температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін
жұмыс пен желдеткіш параметрлерін реттей бастайды.
HP CoolSense өшіп тұрғанда, жұмыс пен желдеткіш параметрлері компьютердің əдепкі
салқындату параметрлерінен артық реттелмейді. Сондықтан компьютер
тұрақты бір жерде
тұрғанда, оның бет температурасы HP CoolSense қосулы тұрған кезден жоғары болуы мүмкін.
30 Бап 4 Қуатты басқару