HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Төмендегі кез келген жағдайда компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына жалғаңыз:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақтың ішінде компьютердің батареясын зарядтамаңыз.
● Батареяны зарядтау немесе тексеру кезінде
● Жүйенің бағдарламалық құралын орнатқан немесе өзгерткен кезде.
●
CD, DVD немесе BD (тек таңдаулы үлгілерде) дискілеріне ақпаратты жазу кезінде
●
Дискіні дефрагментациялау құралын қосқан кезде
●
Сақтық көшірме жасау немесе қалпына келтіру кезінде
Компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына жалғаған кезде мына жағдайлар орын алады:
● Батарея зарядтала бастайды.
● Компьютер қосылып тұрса
, хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесінің түрі
өзгереді.
Сыртқы айнымалы ток қуатын ажыратқан кезде мына жағдайлар орын алады:
● Компьютер батарея қуатына көшеді.
●
Батарея зарядын сақтау үшін экранның жарықтығы автоматты түрде азаяды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуатына жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
● Компьютер қосылмайды.
● Экран қосылмайды.
● Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру үшін:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Батареяны компьютерден шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
● Қуат жарықтары жанса, айнымалы ток
адаптері дұрыс істеп тұр.
● Қуат жарықтары өшіп тұратын болса, айнымалы ток адаптері мен компьютер
арасындағы жəне айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы байланысты
тексеріңіз.
● Байланыс орнатылған, ал қуат жарықтары өшіп тұрса, АТ адаптері істемей тұр, оны
ауыстыру қажет.
АТ адаптерінің алмастырылуы туралы ақпарат алу үшін, HP компаниясының тұтынушыларға
қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз.
Сыртқы
айнымалы ток қуатын пайдалану 29