HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Сыртқы қуат көзіне қосылмаған, пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратып
тастаңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Жұмысты тастап кетпес бұрын, компьютерді күту немесе ұйықтау режиміне қойыңыз, не
болмаса оны өшіріңіз.
Батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяның зақымдану қаупін азайту үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары
температурада сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын немесе сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге
қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əр 6 ай сайын тексеріп тұру керек. Егер заряды 50 пайыздан
төмен болса, қайтадан сақтауға қоймас бұрын оны зарядтап алыңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Пайдаланылып болған батареяны жою
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт немесе отқа күю қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, ұсақтамаңыз жəне
теспеңіз; сыртқы контактілерді тұйықтамаңыз; от немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертулері бөлімінен қараңыз.
Батареяны ауыстыру
Windows 7 анықтама жəне қолдау бөліміндегі батареяны тексеру ішкі бөлім дұрыс
зарядтамаған кезде немесе батарея сыйымдылығы төмен жағдайға жеткенде, батареяны
ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген
жағдайда, нұсқауларда кепілдік коды болады. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру туралы
қосымша ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда
болады.
Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу туралы қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі
Орнату нұсқаулары парағынан қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютер мен
бірге жабдықталған айнымалы ток адаптерін, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру айнымалы
ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді айнымалы ток адаптерін
пайдаланыңыз.
28 Бап 4 Қуатты басқару