HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

немесе
Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесі батарея зарядының төмен деңгейде
екенін немесе мүлде таусылып жатқанын көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпаратты Қуат көрсеткішін қолдану 22-бетте
бөлімінен қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі үшін компьютерде мына əрекеттер орындалады:
Егер ұйықтау режимі қосылып, компьютер қосулы немесе күту режимінде болса,
компьютер ұйықтау режиміне ауысады.
Егер ұйықтау режимі өшіріліп, компьютер қосулы немесе күту режимінде болса, компьютер
аз уақытқа күту режимінде тұрып, жұмысын аяқтайды, ал сақталмаған ақпарат жоғалады.
Заряды аз батарея деңгейін реттеу
Сыртқы қуат бар болғанда заряды аз батарея деңгейін реттеу
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
Айнымалы ток адаптері
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
НР керек-жарағы ретінде сатып алынатын қуат адаптері
Зарядталған батарея бар болғанда заряды аз батарея деңгейін реттеу
1. Компьютерді өшіріңіз немесе əрекетсіздік режимін қосыңыз.
2. Заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен ауыстырыңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
Сыртқы қуат көзі болмағанда заряды аз батарея деңгейін реттеу
Əрекетсіздік режимін қосыңыз.
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер əрекетсіздік режимінен шыға алмаған кезде заряды аз батарея деңгейін реттеу
Əрекетсіздік режимінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жеткіліксіз болса, мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен ауыстырыңыз немесе айнымалы
ток адаптерін
компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
2. Қуат түймешігін басып əрекетсіздік режимінен шығыңыз.
Батареяның қуатын үнемдеу
Windows басқару тақтасындағы қуат параметрлерінің ішінен қуатты үнемдеп пайдалану
параметрін таңдаңыз.
Сымсыз жəне жергілікті желі (LAN) байланыстарын өшіріп, пайдаланбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
Батарея қуатын пайдалану 27