HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Батареяны тексеру құралын қосу үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді сыртқы қуат көзіне жалғаңыз, сонда батареяны тексеру құралы
дұрыс жұмыс істейді.
2. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Устранение неполадок
(Ақаулықтарды жою) > Мощность, тепловая и механическая (Электр қуаты, жылылық
жəне механикалық) параметрін таңдаңыз.
3. Питание (Қуат) жиекбелгісін басып, Battery Check (Батареяны тексеру) параметрін
таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның элементтерінің қалай жұмыс атқарып
тұрғанын тексеріп, тексеру нəтижелерін береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету
▲
Меңзерді хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстіне апарыңыз.
Батарея зарядының біту уақытын арттыру
Батарея зарядының біту уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қолданылатын
функциялардың түріне тəуелді өзгереді. Батареяның сыйымдылығы азайған уақытта батарея
зарядының максималды біту уақыты біртіндеп қысқарады.
Батарея зарядының біту уақытын арттыруға арналған кеңестер:
● Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
● Компьютер пайдаланылмай тұрғанда немесе зарядталмаған кезде батареяны шығарып
алыңыз.
● Батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
● Power Options (Қуат опциялары) ішінен
Power saver (Қуат үнемдегіші) параметрін
таңдаңыз.
Батареяның төмен деңгейлерін басқару
Бұл бөлімдегі ақпарат зауытта орнатылған ескертулер мен жүйенің реакциясын түсіндіреді.
Кейбір өте төмен батарея деңгейі туралы ескертулерді жəне жүйе реакцияларын Windows
басқару тақтасындағы қуат параметрлері арқылы өзгертуге болады. Қуат параметрлері арқылы
орнатылған параметрлер шамдарға əсер етпейді.
Батареяның төмен деңгейлерін анықтау
Компьютер үшін жалғыз қуат көзі болып табылатын батарея төмен деңгейге жеткенде мынадай
əрекеттер орын алады:
● Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея төмен деңгейге жеткенін көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Батарея шамы туралы қосымша ақпаратты Жұмысқа кіріскенде
нұсқаулығынан қараңыз.
26 Бап 4 Қуатты басқару