HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Батарея қуатын пайдалану
Компьютердің ішінде зарядталған батарея болып, компьютер сыртқы электр қуатына
жалғанбаған болса, ол батареяның қуатымен жұмыс атқарады. Компьютер сыртқы айнымалы
ток қуатына жалғанған кезде, компьютер осы ток қуатымен жұмыс атқарады.
Сыртқы айнымалы ток арқылы жұмыс жасап тұрған ішінде зарядталған батареясы бар
компьютер айнымалы ток адаптері ажыратылған кезде, батарея қуатына көшеді.
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток қуатын ажыратқан кезде дисплейдің жарықтығы батареяны зарядын
үнемдеу үшін азайтылады. Дисплейдің жарақтығын азайту немесе күшейту туралы ақпаратты
Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығынан қараңыз.
Қалай жұмыс жасайтыныңызға байланысты батареяны компьютердің ішінде немесе қоймада
сақтауға болады. Батареяны компьютердің ішінде сақтау айнымалы ток көзіне жалғанған кезде
батареяны зарядтайды жəне электр қуаты ажыратылған жағдайда жұмысыңызды сақтап
қалады. Алайда, компьютер өшіріліп, сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде компьютердің
ішіндегі батареяның заряды баяу түрде азаяды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен
бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əр түрлі болады.
Батарея ақпаратын табу
Анықтама жəне қолдау бөлімінен батареяға қатысты мына құралдар мен ақпаратты табуға
болады:
Батареяның өнімділігін тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
Тексеру, қуатты басқару жəне батареяның қызмет ету мерзімін неғұрлым арттыру үшін
жасалатын күтім жəне сақтау туралы ақпарат
Батареяның түрлері, сипаттамалары, қызмет ету мерзімдері жəне сыйымдылығы туралы
ақпарат
Батарея туралы ақпаратты ашу үшін:
Пуск
(Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Обучение (Үйрену) >
Планы электропитания: часто задаваемые вопросы (Қуат жоспарлары: Жиі қойылатын
сұрақтар) дегенді таңдаңыз.
Батарея тексеруді пайдалану
Батареяны тексеру құралы анықтама жəне қолдау бөлімінде компьютерге орнатылған
батареяның күйі туралы мəліметті алуға мүмкіндік береді.
Батарея қуатын пайдалану 25