HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Əрекетсіздік режимін қосу жəне одан шығу
Жүйе батарея қуатымен немесе сырттан келетін қуатпен жұмыс жасап тұрып біраз уақыт
əрекетсіз қалған кезде, заряд өте төмен батарея деңгейіне жеткенде əрекетсіздік режиміне
өтетіндей етіп зауытта орнатылған.
Қуат параметрлері мен күту уақыттарын Windows басқару тақтасы арқылы өзгертуге болады.
Əрекетсіздік режимін қосу үшін:
Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Shut down» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің жанындағы
көрсеткіні басыңыз да
, Гибернация (Күту) пəрменін таңдаңыз.
Əрекетсіздік режимінен шығу үшін:
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде құпия сөз сұралатын етіп
орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін қолдану
Қуат көрсеткіші хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам өтуге жəне батареяның қалған
зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін,
меңзерді батарея санауышы белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін қуат көрсеткіші белгішесін
басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Əр түрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс атқарып тұрғанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл белгіше батарея заряды өте темен
деңгейге жеткен кезде хабарлама көрсетеді.
Қуат жоспарларын пайдалану
Қуат жоспары компьютердің қуатты пайдалану жолын басқаратын жүйелік параметрлердің
жинағы. Қуат жоспарлары қуатты үнемдеуге немесе өнімділікті арттыруға көмектеседі.
Ағымдағы қуат жоспарын қарау
Келесі əдістердің кез келгенін таңдаңыз:
Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат
көрсеткішінің белгішесін басыңыз.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз.
22 Бап 4 Қуатты басқару