HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдейтін күйлерді пайдалану
Компьютердің зауытта қосылған қуатын үнемдейтін екі күйі бар: Күту жəне əрекетсіздік
режимдері.
Күту режимі қосылған кезде қуат шамы жыпылықтап, экран сөнеді. Жұмысыңыз жадқа
сақталады жəне əрекетсіздік режиміне қарағанда күту режимінен тезірек шығуға мүмкіндік
береді. Компьютер ұзақ уақыт бойы күту режимінде болғанда немесе күту режимінде батарея
заряды өту төменгі деңгейіне жеткен жағдайда, компьютер əрекетсіздік
режиміне ауысады.
Компьютер əрекетсіздік режиміне өткен кезде жұмысыңыз қатты дискіде əрекетсіздік күйі
файлына сақталып, компьютер сөнеді.
ЕСКЕРТУ: Дыбыс, бейне сапасының нашарлау қауіпін азайту үшін жəне дыбысты, бейнені
ойнату функциясының жоғалып кетуін болдырмау үшін диск не сыртқы медиа картасына жазу
не болмаса оқу кезінде күту немесе əрекетсіздік режимдерін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер күту немесе əрекетсіздік режимінде болған кезде желі
байланыстарының ешбір түрін жəне компьютердің ешбір функциясын қоса алмайсыз.
Күту режимін қосу жəне одан шығу
Жүйеге зауытта батарея қуаты немесе сыртқы қуат таусыла бастаған кезде біраз уақыттан соң
күту режиміне өту мүмкіндігі орнатылған.
Электр қуатының параметрлері мен күту уақыттарын Windows® басқару тақтасындағы қуат
параметрлері арқылы өзгертуге болады.
Компьютер жұмыс істеп тұрғанда, күту режимін келесі жолдармен қосуға болады:
●
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
●
Дисплейді жабыңыз.
●
Пуск (Бастау) түймешігін
басып, «Shut down» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің жанындағы
көрсеткіні басыңыз да, Сон (Ұйқы) белгішесін басыңыз.
Күту режимінен шығу үшін:
●
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
●
Экран жабылып тұрса, оны ашыңыз.
●
Пернетақтадағы кез келген түймешікті басыңыз.
●
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе басыңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда электр қуатының шамы жанып, экранда жұмысыңыздың
тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде құпия сөз сұралатын етіп
орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Қуат параметрлерін орнату 21