HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

4 Қуатты басқару
ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосықышы болуы мүмкін. Осы нұсқаулық
ішінде қуат түймешігі термині қуатты басқару құралдарының екі түрліне де қолданылады.
Компьютерді өшіру
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады.
Shut down (Өшіру) командасы амалдық жүйемен бірге барлық ашық тұрған бағдарламаларды
жабады, одан кейін экран мен компьютерді өшіреді.
Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютердің ішіндегі бөліктерге қол жеткізу қажет болғанда
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса жəне сыртқы
қуат көзінен
ажыратылған кезде
Компьютерді қуат түймешігі арқылы өшіруіңіз мүмкін болғанымен, мына жағдайда Windows
жүйесінің Shut down (Өшіру) командасын қолдану ұсынылады:
ЕСКЕРІМ: Компьютер күту немесе əрекетсіздік режимінде болса, оны өшірмес бұрын күту
немесе əрекетсіздік режимінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Завершение работы (Жұмысты аяқтау) тармағын таңдаңыз.
Компьютер жауап қайтармай, алдыңғы өшіру əрекетін пайдалану мүмкін болмаса, мына
төтенше əрекеттерді көрсетілген ретте орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басып, Питание (Қуат) түймешігін басыңыз.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат
көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
20 Бап 4 Қуатты басқару