HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

DisplayPort
DisplayPort жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді сандық дисплей құрылғыларын
жалғайды. DisplayPort портының VGA сыртқы монитор портына қарағанда көрсету сапасы
жоғары жəне сандық байланысты жақсартады.
Сандық дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғының кабелін DisplayPort портына
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Экран кескінін қосу туралы өнімнің арнайы нұсқауларын Жұмысқа кіріскенде
нұсқаулығынан қараңыз.
HDMI
HDMI (Айқындығы жоғары мультимедиалық тілдесу) порты компьютерді ажыратымдылығы
жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса
кез келген сыйысымды сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI
кабелі (бөлек сатып алынады) керек болады.
Компьютердің HDMI портына тек HDMI құрылғыларын қосуға болады. Компьютер экранында
көрсетілген ақпарат сол уақытта HDMI құрылғысында көрсетілуі мүмкін.
Бейне 17