HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге
болады:
Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейінің жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер)
Дыбыс деңгейі пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптарды, тығын тəріздес
құлақаспаптарды жəне шағын гарнитураны кимес бұрын дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік
туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері
бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРІМ: компьютеріңізде дыбыс деңгейін реттеудің қандай түрлері барын білу үшін
Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРІМ: жазу кезінде жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук
(Аппараттық құрал жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз.
2. Sound (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қосымша бетін басыңыз. Program
Events (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл сияқты кез келген дыбыс
оқиғасын таңдап, Проверка (
Сынау) түймешігін басыңыз.
Үндеткіштер немесе жалғанған гарнитуралар арқылы дыбыс естілуі керек.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Стандартные (Стандартты
құралдар) > Sound Recorder (Дыбыс жазу құрылғысы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Start Recording (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонға сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиялық бағдарламаны
ашып, дыбысты ойнатыңыз.
Компьютердегі аудио параметрлерді құптау немесе өзгерту үшін, Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) >
Звук (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз.
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
Кейбір компьютерде кірістірілген веб-камера бар, ол дисплейдің жоғарғы жағында орналасқан.
Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)15