HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Орналасу параметрін таңдау
Ағымдағы орналасу таңдауын көру
Ағымдағы орналасқан жерді көру:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Часы, язык и регион (Сағат, тіл жəне аймақ) құрамдас бөлігін басыңыз.
3. Содан соң Регион и язык (Аймақ жəне тіл) қойындысын таңдаңыз.
4. Орналасқан жеріңізді көрсету үшін, «Размещение» қосымша бетін басыңыз.
Саяхаттау кезінде жаңа
орын қосу
Жаңа компьютерде, модем қолдана алатын орын параметрі тек сол компьютер сатып алынған
ел немесе аймақ орнының параметрі болып табылады. Егер басқа елдерге немесе аймақтарға
саяхатқа шықсаңыз, интернет модемін оны пайдаланып жатқан елдің немесе аймақтың
пайдалану стандарттарына сəйкес келетін орын параметрлеріне орнатыңыз.
Жаңа орын параметрі қосылғаннан кейін, олар компьютеріңізде сақталып, кез келген
уақытта
параметрлердің ішінен таңдап, қосуыңызға мүмкіндік береді. Кез-келген елге немесе аймаққа
бірнеше орын параметрлерін қосуыңызға болады.
ЕСКЕРТУ: өз еліңіздің параметрлерінің жоғалып кету қаупін азайту үшін, модемнің ағымдағы
ел немесе аймақ параметрін өшірмеңіз. Өз еліңіздің аймақтық конфигурацияларын сақтап,
модемді басқа елдер мен аймақтарда қолдануды мүмкін ету үшін, модемнің əр пайдалану
орнына жаңа конфигурация қосып отырыңыз.
ЕСКЕРТУ: модемді саяхаттауға келген елдің немесе аймақтың телекоммуникациялық
ережелерін жəне заңдарын бұзатындай конфигурациялау қаупін азайту үшін, компьютер
орналасқан елді немесе аймақты таңдаңыз. Ел немесе аймақ дұрыс таңдалмаса модем дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Жаңа орынды қосу:
1. Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен басып шығарғыштар)
тармақтарын таңдаңыз.
2. Содан кейін компьютерді көрсететін құрылғыны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Параметры модема (Модем параметрлері) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: «Нөмір теру ережелері» қойныдысын ашу үшін, негізгі (ағымдағы) орын аймақ
кодын орнату керек Егер орын орнатылмаған болса, «Модем параметрлері» түймешігін
басқан кезде орынды белгілеу сұралады.
3. Правила набора (Нөмір теру ережелері) қойындысын таңдаңыз.
4. Создать (Жаңа) түймешігін басыңыз. «Жаңа орын» терезесі ашылады.
5. «Размещение» атау жолына жаңа орналасқан жердің атауын теріңіз (мысалы, үй немесе
жұмыс).
6. Ел/аймақ тізімінен елді немесе аймақты таңдаңыз. (Модем қолдамайтын ел немесе аймақ
таңдалса, АҚШ немесе БК аймағы үшін ел/аймақ таңдауы көрсетіледі.)
7. Аймақ кодын, байланыс провайдерінің кодын (қажет болса) жəне сыртқы желі нөмірін
(қажет болса) теріңіз.
Сымды желіге қосылу 11