HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7

Bluetooth жəне Интернет қосылымын ортақ пайдалану (ICS)
HP Bluetooth құралы бар компьютерді орталық ақпараттық машина ретінде орнатып, оны басқа
компьютерлер Интернетке қосыла алатын шлюз ретінде пайдалануға кеңес бермейді. Екі
немесе одан көп компьютер Bluetooth арқылы қосылып, компьютердің біреуінде Интернет
қосылымын ортақ пайдалану (ICS) мүмкіндігі қосулы болған кезде басқа компьютерлер
Bluetooth желісі арқылы Интернетке қосыла алмауы мүмкін.
Bluetooth құралының күші компьютер жəне ұялы телефондар, басып
шығарғыштар, камералар
жəне PDA құрылғыларын қамтитын сымсыз құрылғылар арасындағы ақпарат көшірілуін
үндестіруде болып табылады. Bluetooth арқылы Интернетті ортақ пайдалану үшін, екі немесе
одан көп компьютерді үйлесімді түрде қосу қабілетсіздігі Bluetooth жəне Windows амалдық
жүйесінің шектелуі болып табылады.
Сымды желіге қосылу
Модемді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Модемді 6-түйіспеден тұратын RJ-11 модем кабелі арқылы (бөлек сатылатын) аналогтық
телефон желісіне қосу керек. Сондай-ақ, кейбір елдер мен аймақтарда арнайы модем кабелінің
адаптері қажет болуы мүмкін. Сандық PBX жүйелерінің ұялары аналогтық телефон ұясына
ұқсауы мүмкін, алайда олар модемге сəйкес келмейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу, өрт шығу немесе жабдықтарды зақымдау қаупін азайту үшін
RJ-45 (желілік) ұясына телефон немесе модем кабелін жалғамаңыз.
Егер модем кабелінде ТД жəне радиосигналдарын қабылдау кедергілерінің алдын алатын
кедергіні азайту құралы (1) болса, кабельдің схемалы ұшын (2) компьютер жағына бағыттаңыз.
Модем кабелін қосу
1. Модем кабелін компьютердегі модем ұясына (1) қосыңыз.
Сымды желіге қосылу 9