HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
ЕСКЕРІМ: Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді
байланыстың кең жолақты желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмір
жапсырмасының орналасқан жерін Жұмысты бастау бөлімінен қараңыз.
Кейбір мобильді желі провайдерлері SIM картасын (Абонентті анықтау модулі) пайдалануды
талап етеді. SIM картасында PIN коды сияқты өзіңіз туралы негізгі ақпарат жəне желі ақпараты
болады. Кейбір компьютерлерде алдын ала орнатылған SIM картасы болады. Егер SIM
картасы алдын ала орнатылған болмаса, ол компьютермен бірге берілетін HP ұялы кең
жолақты модулі ақпаратының ішінде берілуі немесе оны компьютерден бөлек мобильді желі
провайдері
беруі мүмкін.
SIM картасын салу жəне алып тастау туралы ақпарат алу үшін,
SIM картасын салу 7-бетте
жəне
SIM картасын шығарып алу 8-бетте бөлімдерін қараңыз.
HP ұялы кең жолақты модулі жəне таңдалған мобильді желілік қызмет көрсету провайдерімен
қызметті іске қосу тəсілі туралы ақпарат алу үшін, компьютермен бірге берілетін HP ұялы кең
жолақты модулі ақпаратын қараңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, HP веб торабын қараңыз:
http://www.hp.com/go/mobilebroadband (тек АҚШ үшін).
SIM картасын салу
ЕСКЕРІМ: SIM карта ұясының орналасқан жерін табу үшін, Жұмысқа кріскенде нұсқаулығын
қараңыз.
1. Компьютерді сөндіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйықтау режимінде екендігіне
сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық
жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Батареяны алыңыз.
6. SIM картасын SIM карта ұясына салып, SIM картасы орнына қойылғанша оны жайлап
басыңыз
.
ЕСКЕРТУ: SIM картасын салу кезінде картаны компьютердегі SIM карты ұясының
жанындағы белгішеге келтіріп салыңыз. Егер SIM карта дұрыс салынбаса, ол SIM
картасын немесе SIM карта қосқышты зақымдауы мүмкін.
Қосқыштың зақымдану қаупін азайту үшін, SIM картасын күштеп салмаңыз.
7. Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРІМ: егер батарея орнына қойылмаса, HP ұялы кең жолақты модулі өшіріледі.
8. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
9. Компьютерді қосыңыз.
HP ұялы кең жолақты құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)7