HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Желінің айналасында сымсыз радио сигналдары таратылады, сондықтан басқа WLAN
құрылғылары қауіпті сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN жүйесін қорғау үшін мынадай
сақтық шараларын орындауға болады:
●
Желіаралық қалқан — желіге жіберілген деректерді де, деректер сұраныстарын да
тексереді жəне кез келген күмəнді элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар
бағдарламалық құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де
біріктіріп
пайдаланады.
●
Сымсыз байланыс шифрлауы — компьютеріңіз үш шифрлау протоколын қолдайды:
◦ WPA (Wi-Fi Protected Access);
◦ WPA2 (Wi-Fi Protected Access II);
◦ WEP (Wired Equivalent Privacy).
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы WPA2 таңдауды ұсынады, себебі бұл — үш шифрлау
протоколының ең дамығаны. WEP шифрлауын пайдалану ұсынылмайды, себебі оны оңай
шешуге болады.
●
WPA жəне WPA2 протоколдары желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне
шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WPA протоколы да, WPA2
протоколы да динамикалық түрде əр бума үшін жаңа кілт жасайды, сондай-ақ əр
компьютер желісі үшін əртүрлі кілт жинақтарын жасайды. Бұны орындау үшін:
◦
WPA протоколы AES (Advanced Encryption Standard) стандартын жəне TKIP (Temporal
Key Integrity Protocol) протоколын пайдаланады.
◦
WPA2 протоколы жаңа AES протоколы болатын CCMP (Cipher Block Chaining Message
Authentication Code Protocol) протоколын пайдаланады.
●
WEP протоколы тасымалдамас бұрын деректерді WEP кілтімен шифрлайды. Дұрыс кілтсіз
басқа адамдар WLAN желісін қолдана алмайды.
Басқа желіге ауысу
Компьютерді басқа WLAN жүйесінде жылжытқанда, Windows жүйесі сол желіге қосылуға
тырысады. Егер бұл əрекет сəтті орындалса, компьютер автоматты түрде жаңа желіге
қосылады. Егер Windows жүйесі жаңа желіні анықтамаса, бастапқыда WLAN жүйесіне қосылу
үшін пайдаланған іс ретін орындаңыз.
HP ұялы кең жолақты құралын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
HP ұялы кең жолақты құралы WLAN жүйелері арқылы Интернетке кіру мүмкіндіктеріне
қарағанда Интернетке көбірек жерден жəне үлкендеу аймақтардан кіре алу үшін компьютерге
сымсыз кең аймақ желілерін (WWANs) пайдалануға мүмкіндік береді. HP ұялы кең жолақты
құралын пайдалану көбінесе мобильді телефон желісінің операторы болып табылатын желілік
қызмет көрсету провайдерін талап етеді.
Мобильді желі провайдері қызметін пайдаланған кезде, HP ұялы
кең жолақты құралы жолда
немесе Wi-Fi байланыс орындары аясынан тыс жерде болғанда Интернетке қосулы қала
беруге, электрондық пошта жіберуге немесе корпоративтік желіге қосылуға еркіндік береді.
6 Бап 2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)