HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP Help and Support (HP
Анықтама жəне қолдау орталығы) > HP Connection Manager (HP байланыс реттегіші)
тармағын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, HP Connection Manager бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Амалдық жүйенің басқару құралдарын пайдалану
Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығы қосылымды немесе желіні орнату, желіге
қосылу, сымсыз желілерді басқару жəне желілік ақаулықтарды анықтау жəне жөндеуге
мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану:
▲
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне
Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ
пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау)
тармақтарын таңдаңыз.
WLAN желісін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Сымсыз байланыс компьютерді Wi-Fi немесе WLAN желілеріне қосады. WLAN сымсыз жол
жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден
жəне керек-жарақтарынан тұрады.
Бар WLAN желісіне қосылу
Бар болған WLAN жүйесіне қосылу:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. (
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе
өшіру 3-бетте бөлімін қараңыз.)
2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы сымсыз
желі белгішесін басыңыз.
3. Тізімнің ішінен өз WLAN желіңізді таңдаңыз.
4. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қорғалған WLAN болса, желілік қауіпсіздік кодын енгізу сұралады. Кодты теріп,
қосылуды аяқтау үшін OK түймешігін басыңыңыз.
ЕСКЕРІМ: егер тізімде ешқандай WLAN желісі көрсетілмесе, сымсыз жол
жоспарлағыштар мен кіру нүктелерінен алшақ жерде тұрсыз.
ЕСКЕРІМ: Жалғанатын желі көрсетілмесе, Открыть центр управления сетями и
общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пəрменін
таңдап, Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату)
түймешігін басыңыз. Опциялардың тізімі көрсетіледі. Желі іздеу жəне оған жалғану
жұмысының қолмен орындалуын немесе жаңа желі байланысының орнатылуын таңдауға
болады.
4 Бап 2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)