HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
Желі (ажыратылған) Сымсыз желі құрылғыларының сымсыз желіге қосылмағанын
көрсетеді.
Желі (өшірулі/ажыратылған) Ешқандай сымсыз қосылымдар қолжетімді емес екенін көрсетеді.
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру
Сымсыз құрылғыларды сымсыз байланыс түймешігімен немесе HP Connection Manager
бағдарламасымен (таңдаулы үлгілерде ғана болады) қосуға немесе өшіруге болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің пернетақтасында сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс
қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі болуы мүмкін. «Сымсыз байланыс түймешігі»
термині осы нұсқаулықта сымсыз байланысты басқару элементтерінің барлық түрлерін
білдіреді. Сымсыз байланыс түймешігінің компьютердегі орнын анықтау үшін, Жұмысты
бастау бөлімінен қараңыз.
HP Connection Manager бағдарламасының көмегімен сымсыз байланыс құрылғыларын өшіру:
▲ Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы HP Connection
Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының жанындағы
қуат түймешігін басыңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP Help and Support (HP
Анықтама жəне қолдау орталығы) > HP Connection Manager (HP байланыс реттегіші)
тармағын, одан кейін керекті құрылғының жанындағы
қуат түймешігін басыңыз.
HP Connection Manager бағдарламалық құралын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
HP Connection Manager бағдарламасы сымсыз байланыс құрылғыларын басқарудың
орталығын, HP мобильді байланыстың кең жолақты желісі арқылы Интернетке жалғанудың
интерфейсін, сондай-ақ SMS (мəтінді) хабарлар жіберудің интерфейсін қамтамасыз етеді.
HP Connection Manager бағдарламасы төмендегі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді:
● сымсыз жергілікті желі (WLAN)/Wi-Fi;
● сымсыз ғаламдық желі (WWAN)/HP мобильді байланыстың кең жолақты желісі;
● Bluetooth®.
HP Connection Manager бағдарламасы байланыс күйі, қуат күйі, SIM мəліметтері жəне SMS
хабарлары
жайында ақпарат жəне хабарландыру береді. Күй ақпараты мен хабарландырулар
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағында беріледі.
HP Connection Manager бағдарламасын ашу:
▲ Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан HP
байланыс реттегішінің белгішесін басыңыз.
– немесе –
Сымсыз байланыс жасау 3