HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
2 Желіге қосылу (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютер Интернетке қосылудың екі түрін қолдайды:
●
Сымсыз —
Сымсыз байланыс жасау 2-бетте бөлімін қараңыз.
●
Сымды —
Сымды желіге қосылу 9-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылмас бұрын Интернет қызметін орнатуыңыз керек.
Сымсыз байланыс жасау
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы.
●
HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулі, (сымсыз ғаламдық желі (WWAN)).
●
Bluetooth® құрылғысы.
Сымсыз технология туралы қосымша ақпарат алу үшін, анықтама жəне қолдау орталығындағы
мəліметті жəне веб-торап сілтемелерін қараңыз.
Сымсыз байланыс жəне желі күйін анықтау белгішелері
Белгіше Атау Сипаттама
HP Connection Manager WLAN, WWAN (таңдаулы үлгілерде ғана болады) жəне Bluetooth
байланыстарын орнатуға жəне басқаруға мүмкіндік беретін
HP Connection Manager бағдарламасын ашады.
Сымды желі (қосулы) Желіге бір немесе бірнеше желілік құрылғылардың қосылып тұрғанын
көрсетеді.
Желі (өшірулі/ажыратылған) Windows басқару тақтатсында барлық желілік құрылғылар өшірілгенін
көрсетеді.
Желі (қосулы) Сымсыз желі құрылғыларының біреуі немесе бірнешеуі сымсыз желіге
қосылғанын көрсетеді.
2 Бап 2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)