HP Notebook Reference Guide - Windows Vista and Windows 7
1 Кіріспе
Нұсқаулықта сымсыз желіге қосылу, мультимедиа, қуатты басқару, қауіпсіздік жəне т.б. қоса,
HP жəне Compaq ноутбук компьютерлері туралы жалпы ақпарат берілген.
ЕСКЕРІМ: осы нұсқаулықта сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
Жаңа компьютеріңіз туралы қосымша ақпарат алу
Компьютермен бірге төмендегі пайдаланушы нұсқаулықтары мен анықтамалық материалдар
беріледі. Олар басылған түрде болуы немесе компьютердің қатты дискісінде, оптикалық
дискіде немесе SD картасында сақталуы мүмкін.
● Орнату нұсқаулары парағы — компьютер параметрлерін орнату жəне оны іске қосу жолын
көрсетеді. Бұл парақ компьютермен бірге қораптың ішінде болады.
ЕСКЕРІМ: пайдаланушы нұсқаулықтары мен анықтамалық материалдардың қайда
орналасқанын көру үшін осы хабарландыруды қараңыз.
● Жұмысқа кіріскенде бөлімінде компьютер, соның ішінде өнімнің арнайы мүмкіндіктері,
сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру, күтім, техникалық сипаттары туралы ақпарат
берілген.
● HP анықтамасы жəне қолдауы — HP құжаттамасына жəне HP Support Assistant немесе
HP Launch Box сияқты HP бағдарламаларына апаратын сілтемелерді қамтиды. HP
анықтамасы жəне қолдауы орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
●
Қауіпсіз жəне қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығы — компьютер пайдаланушылары үшін
жұмыс орнын реттеу жəне компьютер алдында дұрыс отыру жолдары, денсаулық сақтау
шаралары жəне компьютермен жұмыс істеу ережелері сипатталады. Сонымен қатар
маңызды электр жəне механикалық жабдықтармен жұмыстағы қауіпсіздік ережелері
берілген. Бұл нұсқаулыққа өту үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) > Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын
таңдаңыз. Бұл нұсқаулықты
http://www.hp.com/ergo веб-торабынан да табуға болады.
● Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері — қауіпсіздік жəне заңдық, сондай-ақ
батареяны тастау туралы ақпаратты қамтиды. Ескертулерді оқу үшін, Пуск (Бастау) >
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя
(Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
● Microsoft Анықтама жəне қолдау орталығы — амалдық жүйе, драйверлер, ақаулықтарды
жою құралдары
жəне Microsoft техникалық қолдауы туралы ақпаратты қамтиды. Анықтама
жəне қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Жаңа компьютеріңіз туралы қосымша ақпарат алу 1