HP ноутбугі Анықтамалық нұсқаулық
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Java — Sun Microsystems, Inc. корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Ноутбукке жалғанған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Кіріспе ............................................................................................................................................................. 1 Жаңа компьютеріңіз туралы қосымша ақпарат алу ......................................................................... 1 2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) ................................................................................................. 2 Сымсыз байланыс жасау ................................................
Аудио ................................................................................................................................................. 14 Дыбыс деңгейін реттеу .................................................................................................... 15 Компьютердің аудио функцияларын тексеру ................................................................ 15 Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) .......................................................................................
Батареяның қуатын үнемдеу ........................................................................................... 27 Батареяны сақтау ............................................................................................................ 28 Пайдаланылып болған батареяны жою ......................................................................... 28 Батареяны ауыстыру .......................................................................................................
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын пайдалану ............................... 44 Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ......................................................... 44 Орнатылған оптикалық дискіні (тек таңдаулы үлгілерде) анықтау .............................. 44 Оптикалық дискілерді енгізу ............................................................................................ 45 Диск науасы ...............................................................................
Setup Utility (BIOS) утилитасын қосу ............................................................................... 60 Setup Utility (BIOS) утилитасының тілін өзгерту ............................................................. 60 Setup Utility (BIOS) утилитасында жылжу жəне таңдау ................................................. 61 Жүйе ақпаратын көрсету .................................................................................................
x
1 Кіріспе Нұсқаулықта сымсыз желіге қосылу, мультимедиа, қуатты басқару, қауіпсіздік жəне т.б. қоса, HP жəне Compaq ноутбук компьютерлері туралы жалпы ақпарат берілген. ЕСКЕРІМ: осы нұсқаулықта сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін. Жаңа компьютеріңіз туралы қосымша ақпарат алу Компьютермен бірге төмендегі пайдаланушы нұсқаулықтары мен анықтамалық материалдар беріледі.
2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер Интернетке қосылудың екі түрін қолдайды: ● Сымсыз — Сымсыз байланыс жасау 2-бетте бөлімін қараңыз. ● Сымды — Сымды желіге қосылу 9-бетте бөлімін қараңыз. ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылмас бұрын Интернет қызметін орнатуыңыз керек. Сымсыз байланыс жасау Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін: ● Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы.
Желі (ажыратылған) Сымсыз желі құрылғыларының сымсыз желіге қосылмағанын көрсетеді. Желі (өшірулі/ажыратылған) Ешқандай сымсыз қосылымдар қолжетімді емес екенін көрсетеді. Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру Сымсыз құрылғыларды сымсыз байланыс түймешігімен немесе HP Connection Manager бағдарламасымен (таңдаулы үлгілерде ғана болады) қосуға немесе өшіруге болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердің пернетақтасында сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі болуы мүмкін.
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > HP Help and Support (HP Анықтама жəне қолдау орталығы) > HP Connection Manager (HP байланыс реттегіші) тармағын таңдаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, HP Connection Manager бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз. Амалдық жүйенің басқару құралдарын пайдалану Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығы қосылымды немесе желіні орнату, желіге қосылу, сымсыз желілерді басқару жəне желілік ақаулықтарды анықтау жəне жөндеуге мүмкіндік береді.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуірдің меңзерін тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағының сымсыз желі белгішесіне қойыңыз. ЕСКЕРІМ: жұмыс істеу қашықтығы (сымсыз сигналдар қандай қашықтыққа дейін жететіні) WLAN жасалуына, жоспарлағыштың өндірушісіне жəне электрондық құрылғылардың тосқауылдарына немесе қабырға жəне еден секілді құрылыс кедергілеріне байланысты болады.
Желінің айналасында сымсыз радио сигналдары таратылады, сондықтан басқа WLAN құрылғылары қауіпті сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN жүйесін қорғау үшін мынадай сақтық шараларын орындауға болады: ● Желіаралық қалқан — желіге жіберілген деректерді де, деректер сұраныстарын да тексереді жəне кез келген күмəнді элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады.
ЕСКЕРІМ: Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмір жапсырмасының орналасқан жерін Жұмысты бастау бөлімінен қараңыз. Кейбір мобильді желі провайдерлері SIM картасын (Абонентті анықтау модулі) пайдалануды талап етеді. SIM картасында PIN коды сияқты өзіңіз туралы негізгі ақпарат жəне желі ақпараты болады. Кейбір компьютерлерде алдын ала орнатылған SIM картасы болады.
SIM картасын шығарып алу ЕСКЕРІМ: SIM карта ұясының орналасқан жерін табу үшін, Жұмысқа кріскенде нұсқаулығын қараңыз. 1. Компьютерді сөндіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйықтау режимінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. 2. Дисплейді жабыңыз. 3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 5. Батареяны алыңыз. 6.
Bluetooth жəне Интернет қосылымын ортақ пайдалану (ICS) HP Bluetooth құралы бар компьютерді орталық ақпараттық машина ретінде орнатып, оны басқа компьютерлер Интернетке қосыла алатын шлюз ретінде пайдалануға кеңес бермейді. Екі немесе одан көп компьютер Bluetooth арқылы қосылып, компьютердің біреуінде Интернет қосылымын ортақ пайдалану (ICS) мүмкіндігі қосулы болған кезде басқа компьютерлер Bluetooth желісі арқылы Интернетке қосыла алмауы мүмкін.
2. Модем кабелін RJ-11 қабарғадағы телефон ұясына (2) салыңыз. Арнайы ел немесе аймақ модем кабелінің адаптерін қосу Телефон ұялары елдер жəне аймақтар бойынша əр түрлі болады. Модемді жəне оның кабелін компьютерді сатып алған елден немесе аймақтан басқа жерде қолдану үшін, сол елдің немесе аймақтың арнайы модем кабелінің адаптерін алыңыз. Модемді RJ-11 телефон ұясы жоқ аналогтық телефон желісіне қосу үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 10 1. Модем кабелін компьютердегі модем ұясына (1) қосыңыз. 2.
Орналасу параметрін таңдау Ағымдағы орналасу таңдауын көру Ағымдағы орналасқан жерді көру: 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз. 2. Часы, язык и регион (Сағат, тіл жəне аймақ) құрамдас бөлігін басыңыз. 3. Содан соң Регион и язык (Аймақ жəне тіл) қойындысын таңдаңыз. 4. Орналасқан жеріңізді көрсету үшін, «Размещение» қосымша бетін басыңыз.
8. «Dial using» (Теру) пəрменінің жанындағы Tone (Тондық) немесе Pulse (Импульстік) тармағын таңдаңыз. 9. Жаңа орналасқан жерді сақтау үшін, ОК түймешігін басыңыз. 10. Мына əрекеттердің бірін орындаңыз: ● Жаңа орын параметрін ағымдағы орынға орнату үшін OK түймешігін басыңыз. ● Ағымдағы орналасқан жер параметрі ретінде басқа орналасқан жерді таңдау үшін, «Размещение» тізімінен таңдауыңызды жасап, OK түймешігін басыңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт немесе жабдық зақымдалуы қаупін азайту үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына қоспаңыз.
3 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Бір-екі ішкі динамик ● Бір-екі ішкі микрофон ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа əрекеттері пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам пернелері (f
Дыбыс деңгейін реттеу Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге болады: ● Дыбыс деңгейі түймешіктері ● Дыбыс деңгейінің жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер) ● Дыбыс деңгейі пернелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптарды, тығын тəріздес құлақаспаптарды жəне шағын гарнитураны кимес бұрын дыбыс деңгейін реттеңіз.
веб-камера пайдалануға болады. Түсірілген суретті немесе бейне деректі алдын ала қарап, сақтауға болады. Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. ● Бейне түсіріп, ортақ пайдалану ● Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу ● Дыбыссыз суретке түсіру Веб-камераны қайлай пайдалану керектігі жөнінде ақпаратты көру үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
DisplayPort DisplayPort жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді сандық дисплей құрылғыларын жалғайды. DisplayPort портының VGA сыртқы монитор портына қарағанда көрсету сапасы жоғары жəне сандық байланысты жақсартады. ▲ Сандық дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғының кабелін DisplayPort портына қосыңыз. ЕСКЕРІМ: Экран кескінін қосу туралы өнімнің арнайы нұсқауларын Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығынан қараңыз.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін: 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғап, қосымша ақпарат алу үшін өндіруші нұсқауларын орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Экран кескінін қосу туралы өнімнің арнайы нұсқауларын Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығынан қараңыз.
сатып алынады) жəне Intel графикалық адаптері қажет. Blu-ray дискілері сияқты шығыс сигналының қорғауын талап ететін мазмұн Intel Wireless Display қолданбасында ойнатылмайды. Сымсыз ТД адаптерін пайдалану туралы толық ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. ЕСКЕРІМ: Сымсыз дисплейді пайдаланбастан бұрын, компьютерді сымсыз құрылғының қосылғанына көз жеткізіңіз.
4 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосықышы болуы мүмкін. Осы нұсқаулық ішінде қуат түймешігі термині қуатты басқару құралдарының екі түрліне де қолданылады. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Shut down (Өшіру) командасы амалдық жүйемен бірге барлық ашық тұрған бағдарламаларды жабады, одан кейін экран мен компьютерді өшіреді.
Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдейтін күйлерді пайдалану Компьютердің зауытта қосылған қуатын үнемдейтін екі күйі бар: Күту жəне əрекетсіздік режимдері. Күту режимі қосылған кезде қуат шамы жыпылықтап, экран сөнеді. Жұмысыңыз жадқа сақталады жəне əрекетсіздік режиміне қарағанда күту режимінен тезірек шығуға мүмкіндік береді. Компьютер ұзақ уақыт бойы күту режимінде болғанда немесе күту режимінде батарея заряды өту төменгі деңгейіне жеткен жағдайда, компьютер əрекетсіздік режиміне ауысады.
Əрекетсіздік режимін қосу жəне одан шығу Жүйе батарея қуатымен немесе сырттан келетін қуатпен жұмыс жасап тұрып біраз уақыт əрекетсіз қалған кезде, заряд өте төмен батарея деңгейіне жеткенде əрекетсіздік режиміне өтетіндей етіп зауытта орнатылған. Қуат параметрлері мен күту уақыттарын Windows басқару тақтасы арқылы өзгертуге болады.
Басқа қуат жоспарын таңдау Келесі əдістердің кез келгенін таңдаңыз: ● Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесін басып, тізімнен қуат жоспарын таңдаңыз. ● Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдап, тізімнен элементті таңдаңыз. Қуат жоспарларын реттеу Ағымдағы қуат жоспарын қалау бойынша реттеу: 1.
HP Power Manager бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану Power Manager бағдарламасы компьютердің қуатты тұтынуын жəне батарея зарядын оңтайландыру мақсатында қуат жоспарын таңдауға мүмкіндік береді.
Батарея қуатын пайдалану Компьютердің ішінде зарядталған батарея болып, компьютер сыртқы электр қуатына жалғанбаған болса, ол батареяның қуатымен жұмыс атқарады. Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанған кезде, компьютер осы ток қуатымен жұмыс атқарады. Сыртқы айнымалы ток арқылы жұмыс жасап тұрған ішінде зарядталған батареясы бар компьютер айнымалы ток адаптері ажыратылған кезде, батарея қуатына көшеді.
Батареяны тексеру құралын қосу үшін: 1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютерді сыртқы қуат көзіне жалғаңыз, сонда батареяны тексеру құралы дұрыс жұмыс істейді. 2. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) > Мощность, тепловая и механическая (Электр қуаты, жылылық жəне механикалық) параметрін таңдаңыз. 3. Питание (Қуат) жиекбелгісін басып, Battery Check (Батареяны тексеру) параметрін таңдаңыз.
– немесе – ● Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесі батарея зарядының төмен деңгейде екенін немесе мүлде таусылып жатқанын көрсетеді. ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпаратты Қуат көрсеткішін қолдану 22-бетте бөлімінен қараңыз. Өте төмен батарея деңгейі үшін компьютерде мына əрекеттер орындалады: ● Егер ұйықтау режимі қосылып, компьютер қосулы немесе күту режимінде болса, компьютер ұйықтау режиміне ауысады.
● Сыртқы қуат көзіне қосылмаған, пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратып тастаңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Экран жарықтығын азайтыңыз. ● Жұмысты тастап кетпес бұрын, компьютерді күту немесе ұйықтау режиміне қойыңыз, не болмаса оны өшіріңіз. Батареяны сақтау ЕСКЕРТУ: Батареяның зақымдану қаупін азайту үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада сақтамаңыз.
Төмендегі кез келген жағдайда компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына жалғаңыз: АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақтың ішінде компьютердің батареясын зарядтамаңыз. ● Батареяны зарядтау немесе тексеру кезінде ● Жүйенің бағдарламалық құралын орнатқан немесе өзгерткен кезде.
HP CoolSense бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану Компьютерді қозғалыс үстінде немесе үйдің айналасында пайдаланғанда, HP CoolSense функциясы жұмыс жəне ішкі желдеткіш параметрлерін автоматты түрде реттеп, ыңғайлы ортамен қамтамасыз етеді. HP CoolSense функциясы қосылып тұрғанда, компьютердің тұрақты бір орында тұрмағанын автоматты түрде анықтап, бет температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін жұмыс пен желдеткіш параметрлерін реттей бастайды.
5 Сыртқы карталар мен құрылғылар Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңізде қолданылатын сандық карта пішімдерін анықтау үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
Сандық картаны шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Картаны ішке қарай басып (1), оны ұясынан шығарып алыңыз (2).
ExpressCard ұясының қорғаныс қосымшасы болуы мүмкін. Қоысшаны шығарып алу үшін: 1. Қосышаны ашу үшін, оған (1) басыңыз. 2. Қосымшаны ұядан суырып алыңыз (2). ExpressCard картасын салу үшін: 1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал қосқышын компьютерге қаратыңыз. 2. ExpressCard карта ұясына картаны салып, оны нық орналасқанша басыңыз. Карта анықталғанда дыбыс естіледі жəне параметрлер мəзірі көрінуі мүмкін.
ExpressCard картансын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды шығарып алу белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. ExpressCard картасын босату жəне шығарып алу: а.
Смар-картаны салу 1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу құрылғысына орныққанша сырғытыңыз. 2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұқсауларды орындаңыз. Смар-картаны шығарып алу ▲ Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
Кейбір 1394 құрылғылары əдетте құрылғымен бірге жабдықталған қосымша қолдау бағдарламалық құралын талап етуі мүмкін. Нақты бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпарат алу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сондай-ақ 1394 порты IEEE 1394a құрылғыларын қолдайды. 1394 құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: 1394 порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ 1394 құрылғысын компьютерге жалғау үшін 1394 кабелін компьютердегі 1394 портына жалғаңыз. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі.
Кейбір eSATA құрылғылары əдетте құрылғымен бірге жабдықталған қосымша қолдау бағдарламалық құралын талап етуі мүмкін. Нақты бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпарат алу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ eSATA порты қосымша eSATA құрылғысын қолдайды. eSATA құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: eSATA порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ eSATA құрылғысын компьютерге жалғау үшін eSATA кабелін компьютердегі eSATA портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2. Егер қуатты құрылғыны жалғаған болсаңыз, оның қуат сымын жерге қосылған ток көзіне қосыңыз. 3. Құрылғыны қосыңыз. Қуатты емес сыртқы құрылғыны ажырату үшін оны өшіріңіз де, компьютерден ажыратыңыз.
6 Дискілер Дискілерді ұстау Дискілер компьютердің сынғыш бөліктері болып табылады, оларды байқап ұстау керек. Дискілерді ұстамас бұрын мына ескертулерді қарап шығыңыз. Қосымша ескертулер олар қолданатын шараларға енгізілген. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: 40 ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
тексеретін əуежай конвейр таспалары жəне осыған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магнетизм орнына рентген сəулелерін қолданады жəне ол дискіге зақым келтірмейді.
Қатты дискілерді пайдалану Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьтерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді. ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету қажет емес Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей береді.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Қуатты қауіпсіз орнатылған қатты диск көмегімен басқару HP 3D DriveGuard дискіні өшірген болса, мына жағдайлар орын алады: ● Компьютер өшпейді. ● Төмендегі ескертуде сипатталған жағдайлардан басқа уақытта компьютер күту режиміне немесе əрекетсіздік режиміне ауыспайды. ЕСКЕРІМ: Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрып, заряд ең төмен деңгейге жетсе, HP 3D DriveGuard компьютерге күту режиміне ауысуға мүмкіндік береді.
Оптикалық дискілерді енгізу Диск науасы 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск наусын шығару үшін (1) жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басыңыз. 3. Науаны тартып шығарыңыз (2). 4. Дискінің бетіне қолыңызды тигізіп алмай, жиектерінен ұстаңыз да, дискінің жапсырма бетін жоғары қаратып науа білігіне орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні білікке орналастыру үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 5. Дискіні орнына қонғанша науаға қарай абайлап басыңыз (3). 6.
3. Дискіні диск саңылауы оптикалық жетегіне ақырындап сырғытып салыңыз. Оптикалық дискілерді шығарып алу Диск науасы Диск науасының қалыпты ашылуына немесе ашылмауына байланысты дискіні шығарып алудың екі жолы бар. Егер диск науасы қалыпты ашылатын болса 1. Диск науасын шығару үшін жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басып (1), науаны абайлап, толықтай тартып шығарыңыз (2). 2. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3).
Диск науасын қалыпты түрде ашылмаған жағдайда 1. Жетектің алдыңғы беткі тақтасындағы босату тесігіне қағаз қыстырғыштың ұшын салыңыз (1). 2. Науа босағанша қағаз қыстырғышты абайлап итеріңіз де, науаны толықтай тартып шығарыңыз (2). 3. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні шығару үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 4.
Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай ашуға да, бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілері — бір компьютерге жалғанған жинақтағыш дискіне сол желідегі басқа компьютерден қол жеткізуге мүмкіндік беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows® амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпарат қолданысын басқарудың жолына қарай, құпия сөздердің бірнеше түрін орнатуға болады. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) утилитасында орнатылады. ЕСКЕРІМ: Құлыптанған компьютерге кіре алмай қалу қаупін азайту үшін, əрбір құпия сөзді жазып, қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
Setup Utility (BIOS) ішінде құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет Əкімші құпия сөзі* ● Setup Utility (BIOS) қолданысын қорғайды. ● Осы құпия сөз орнатылғаннан кейін, Setup Utility (BIOS) ішіне кірген сайын оны енгізу қажет. ЕСКЕРТУ: Əкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) кіру мүмкін болмайды. ЕСКЕРІМ: Əкімші құпия сөзін қосылғанда сұралатын құпия сөз орнына қолдануға болады.
Əкімші құпия сөзін басқару Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Setup Utility (BIOS) утилитасын компьютерді қосу немесе өшіріп, қайта қосу арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f10 пернесін басыңыз. 2.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді басқару Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Setup Utility (BIOS) утилитасын компьютерді қосу немесе өшіріп, қайта қосу арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол жақ бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін, ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f10 пернесін басыңыз. 2.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы осы бөлімдегі суретте көрсетілгеннен сəл өзгеше болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы қайда орналасқанын білу үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
● Дисплейдің оң жақ жоғарғы бұрышында ● Дисплейдің сол жағында Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденең немесе ұзыннан бағытталуым мүмкін. Екі бағытталу да саусағыңызбен темір сенсорды перпендикулярлы бағытта түртуді талап етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысы қайда орналасқанын білу үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
8 Күтім Компьютерді тазалау Дисплейді тазалау ЕСКЕРТУ: Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге суды, тазалауға арналған сұйықтықтарды немесе химиялық заттарды қолданбаңыз. Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы, талшықтарды қалдырмайтын матамен жүйелі түрде тазалаңыз. Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала суланған антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған антистатикалық тазалағышты пайдаланыңыз.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) — HP бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін сұрамастан жылдам көруге мүмкіндік беретін құрал. Осы құралды пайдаланып SoftPaq құрал файлдарын оңай іздеуге жəне оларды жүктеп алып, ашуға болады. SoftPaq Download Manager құралы құрамында компьютер моделі жəне SoftPaq ақпараты бар жарияланған дерекқор файлын HP FTP сайтынан оқу жəне жүктеу арқылы жұмыс істейді.
анықтайтындықтан, жүктеуге SoftPaq құралдары болса, Download Only (Тек жүктеу) түймесін басыңыз. Егер бір не одан көп SoftPaq құралын жүктегіңіз келіп, интернетке қосылу жылдамдығы жоғары болса, Download & Unpack (Жүктеу жəне бумасынан шығару) түймесін басыңыз. 6. Таңдалған SoftPaq құралдарын компьютерге орнату үшін SoftPaq Download Manager бағдарламалық құралындағы Install SoftPaq (SoftPaq орнату) файлын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз.
9 Орнату утилитасы (BIOS) жəне жүйе диагностикасы Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Setup Utility (BIOS) утилитасында жылжу жəне таңдау Setup Utility (BIOS) утилитасында жылжу жəне таңдау үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Setup Utility (BIOS) ішіндегі бүкіл параметрлерді əдепкі мəндеріне қайтару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Көрсеткі пернелер арқылы Выход (Шығу) > Load Setup Defaults (Əдепкі параметрлерді жүктеу) тармағын таңдаңыз.
BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM деректері жəне BIOS жүйесі деп те аталады) fn+esc пернелер тіркесімін басып (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдаланып көрсетуге болады. 1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз. 2. Көрсеткі пернелердің көмегімен Главный (Басты) тармағын таңдаңыз. 3.
3. Алдында жазып алған қатты диск жолын пайдаланып, жаңарту файлдары бар қатты дискідегі қалтаны ашыңыз. 4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, filename.exe) екі рет басыңыз. BIOS орнатылуы басталады. 5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз. ЕСКЕРІМ: Экранда сəтті орнату туралы хабар пайда болғаннан кейін жүктеп алынған файлды қатты дискіден жоюға болады.
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою жолдары ● Анықтама жəне қолдау орталығы арқылы веб-тораптар сілтемесіне өтіп, компьютер туралы қосымша ақпарат алыңыз. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармақтарын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдары Интернетке қосылуды қажет етеді. Сонымен қатар, HP компаниясы Интернетке қосылуды қажет етпейтін қосымша құралдар ұсынады. ● http://www.hp.com/go/contactHP веб-торабынан HP тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
б Электростатикалық ток соғу Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс Таңбалар/Сандар 1394 кабелі, жалғау 37 1394 құрылғылары белгіленген 36 қосылу 37 шығарып алу 37 А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 17, 18 айнымалы ток адаптері, тексеру 29 айнымалы ток адаптерін тексеру 29 ақаулықтарды жою жолдары 67 амалдық жүйенің басқару құралдары 4 аудио функциялар, тексеру 15 аудио функцияларды тексеру 15 Ə əкімші құпия сөзі басқару 52 енгізу 52 жасау 52 əкімші құпия сөзін басқару 52 əкімші құпия сөзін енгізу 52 Əрекетсіздік режимі қосу 22 өте төмен батарея деңгейі кезі
И Интернет байланысын орнатқыш 5 К кабельдер 1394 37 eSATA 38 USB 36 кеңейту порты 39 компьютер, сапарға шығу 28, 65 компьютерді қорғау 49 компьютерді өшіру 20 компьютерді сапарға алып шығу 28, 65 күту/əрекетсіздік режимінен қосылған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғауды орнату 23 Күту режимі қосу 21 шығу 21 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 42 Дискіні тазалау 42 Қ қатты диск HP 3D DriveGuard 43 сыртқы 39 қауіпсіздік, сымсыз 5 қауіпсіздік кабелі, оны орнату 54 қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартулары, ол
сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 28 сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану 28 сыртқы дискілер 39 сыртқы құрылғылар 38 сыртқы монитор порты 16 қосымшаны алып тастау 33 салу 32 шығарып алу 34 ExpressCard карталарын конфигурациялау 32 G GPS 8 Т тасымалданатын медиа 21 температура 28 түймешіктер дыбыс деңгейі 15 қуат 20 медиа 14 H HDMI аудио мүмкіндікті реттеу 18 HDMI аудио мүмкіндігін баптау 18 HDMI порты, жалғау 17 HP 3D DriveGuard 43 HP Connection Manager 3 HP CoolSense 30 HP USB Ethernet адаптері, қосы