HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide
Басқару тақтасының анықтамалық жүйесі
Құрылғының ішіне Анықтама жүйесі орнатылған. Осы жүйе əр экранды пайдалану жолын
түсіндіреді. Анықтама жүйесін ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Help
(«Анықтама») түймесін түртіңіз.
Кейбір экрандарда, Анықтама жүйесі ғаламдық мəзірге жалғанып, арнайы тақырыптарды
іздеуге мүмкіндік береді. Мəзірдегі түймелерді түртіп, мəзір құрылымының ішін шарлауға
болады.
Кейбір Анықтама экрандарында анимациялық көріністер бар. Бұлар, кептемелерді жою сияқты,
процедураларды орындауға көмектеседі.
Жеке тапсырмалардың параметрлерін қамтитын экрандар үшін Анықтама экраны сол
экрандардың параметрлерін түсіндіретін тақырыпты ашад
ы.
Құрылғы қате немесе ескерту туралы хабар берсе, ақауды түсіндіретін хабарды ашу үшін Help
(«Анықтама») түймесін түртіңіз. Сондай-ақ, хабарда осы ақауды жою нұсқаулары берілген.
KKWW
Басқару тақтасының анықтамалық жүйесі
167










