HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

3. Өнім желіге қосылған болса, төмендегі элементтерді тексеріңіз:
Өнімдегі желі байланысының жанындағы шамды тексеріңіз. Егер желі белсенді болса,
шамда жасыл түс жанады.
Желіге қосылу үшін, телефон сымы емес, желі кабелі пайдаланылғанын тексеріңіз.
Желі маршрутизаторы, концентратор немесе ажыратқыш қосылғанын жəне дұрыс
жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
Егер компьютер немесе өні
м сым
сыз желіге қосылған болса, сапасы төмен сигналдар
немесе кедергі басып шығару тапсырмаларын кідіртеді.
Егер өнім сымсыз қосылған болса, сымсыз байланыс дұрыс жұмыс істеп тұрғанын
тексеру үшін сымсыз желі сынақ есебін басып шығарыңыз.
а.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup
Орнату») түймешігін
түртіңіз.
ə. Өзіндік диагностика түймешігін түртіңіз.
б. Есепті басып шығару үшін, Сымсыз желіні тексеру түймешігін түртіңіз.
4. Егер компьютерде жеке желіаралық дидар жүйесі пайдаланылса, өніммен жасалған
байланыс бұғатталуы мүмкін. Ақаулықтың көзі екенін қарау үшін, желіаралық қалқанды
уақытша ажыратыңыз.
3-қадам: Басқару тақтасындағы қате хабарларын қарау
Басқару тақтасы дайын күйін көрсетуі тиіс. Қате хабары пайда болса, қатені жойыңыз.
4-қадам: Қағазды тексеріңіз
1. Пайдаланылатын қағаздың сипаттамаларға сай екеніне көз жеткізіңіз.
2. Қағаздың кіріс науасына дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
5-қадам: Бағдарламалық құралды тексеру
1. Өнімнің бағдарламалық құралының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
2. Өнімге арналған принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз. Бағдарламалық құралды
тексеріп, өнімге арналған принтер драйвері орнатылғанына көз жеткізіңіз.
KKWW
«Мəселелерді шешу» тексеру парағы
163