HP LaserJet Pro MFP M521 - User's Guide

4. Экранның сол жақ тақтасындағы Scan to E-mail Setup (Электрондық поштаға сканерлеу
функциясын орнату) сілтемесін басыңыз.
5. Outgoing E-mail Profiles (Шығыс хаттарының профильдері) сілтемесін, содан кейін New
(Жаңа) түймешігін басыңыз.
6. Экрандағы жолдарды толтырыңыз. SMTP сервері туралы ақпаратты желі əкімшісінен
немесе Интернет қызметінің провайдерінен сұраңыз. SMTP сервері үшін түпнұсқалық
рас
тама қажет болса, онда SMTP пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзін де
білуіңіз керек.
7. Параметрлерді сақтап, жаңа орнатуды тексеру үшін, Save and Test (Сақтау жəне тексеру)
түймешігін басыңыз.
8. Электрондық пошта мекенжайларының кітапшасына контактілерді жазуға немесе басқа
əдепкі электрондық пошта параметрлерін реттеуге болады. Бұл қадамдар міндетті емес.
Бұл қасиеттерді орнат
у үшін, экранның сол жақ тақтасындағы E-mail Address Book
(Электрондық пошта мекенжайларының кітапшасы) жəне E-mail Options (Электрондық
пошта опциялары) сілтемелерін басыңыз.
104
Бап 6 Сканерлеу KKWW