The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерде төңкеріңіз.
4. Батареяның қақпағын жəне батареяның өзін алып тастаңыз. (
Батареяны салу жəне
шығарып алу 36-бетте бөлімін қараңыз).
5. Қатты диск қақпағындағы 3 бұранданы (1) бұрап босатыңыз. Қатты диск қақпағын (2)
тартып, оны (3) алыңыз.
6. Қатты дискінің 3 бұрандасын (1) бұрап босатыңыз. Қатты дискіні ажырату үшін оның
құлақшасын (2) сол жаққа тартаңыз.
40 Бап 6 Күтім