The first HP laptop was Windows Vista and Windows 7

Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f5 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалту қауіп-қатерін азайту үшін, ұйқы күйін қоспас бұрын
жұмысыңызды сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жетсе, компьютер күту
күйіне
қосылады жəне жүйелік жадта сақталған ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f5 жылдам пернесінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, fn+f5 жылдам пернесі ұйқы
күйінің орнына күту күйін қосуға орнатылуы мүмкін. Windows амалдық жүйелерінің барлық
терезелерінде fn+f5 жылдам пернесі ұйқы режимі түймешігі болып саналады.
fn+f6 QuickLock қауіпсіздік функциясын іске қосады. QuickLock мүмкіндігі амалдық жүйенің Вход в
систему (Жүйеге кіру) терезесін экранға шығарып, ақпаратыңызды қорғайды. Вход в систему
(Жүйеге кіру) терезесі көрсетіліп тұрғанда, Windows пайдаланушы құпиясөзі немесе Windows
əкімші құпиясөзі енгізілгенше компьютерге кіруге болмайды.
ЕСКЕРІМ: QuickLock мүмкіндігін пайдаланбас бұрын Windows пайдаланушы құпиясөзі
немесе Windows əкімші құпиясөзін орнатуыңыз тиіс. Ақпарат алу үшін, Анықтама жəне
қолдау
бөлімін қараңыз.
fn+f7 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f8 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f9 Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне сөндіреді.
ЕСКЕРІМ: Пернетақта жарықтандырғышы зауытта іске қосылады. Батареяның қызмет ету
мерзімін ұзарту үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
fn+f11 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f12 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+b Beats Audio бас параметрлерін көбейтеді немесе азайтады.
Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін
жетілдірілген дыбыс профилі. Beats Audio əдепкі параметрлер бойынша қосылған.
Төменгі жиілік параметрлерін Windows амалдық жүйесі арқылы да көруге немесе басқаруға
болады. Төменгі жиілік сипаттарын көру жəне басқару үшін Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) >
Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > Beats Audio
> Качество звука (Дыбыс сапасы) пəрмендерін таңдаңыз.
Пернетақталарды пайдалану
Бұл компьютерде енгізілген сандық пернетақта бар. Компьютерде қосымша сыртқы сандық
пернетақта немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақта да жұмыс істейді.
28 Бап 5 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар